Жаңалықтар
Соңғы 20 жылда болмаған экономикалық дағдарыс күтіп тұр
- author «Ақ жол»
- 25 шілде, 2020
- 861
Соңғы 20 жылда болмаған экономикалық дағдарыс күтіп тұр
Пандемия кесірінен Қазақстанды соңғы 20 жылда болмаған экономикалық дағдарыс күтіп тұр дейді халықаралық қаржы ұйымының сарапшылары. Кедейлер көбейіп, теңсіздіктің арасы алшақтайды. Дүниежүзілік банк Қазақстанға қатысты осындай көңіл көншітпейтін болжам жасады.
Экономика әлсіреп, бюджетте табыстан гөрі шығын көлемі артуы мүмкін. Банктың есебі бойынша, қазірдің өзінде Қазақстанның ішкі жалпы өнімі 3 пайызға қысқарып, еңбек нарығы тежелген. Сарапшылар білім беру саласына да тоқталған екен. Ол жақта да үміттен гөрі күдік басым. Яғни коронавирус сапалы білімге кері әсер етеді. Себебі, аз қамтылған топтар қашықтан оқу үшін балаларына барлық жағдай жасауға мүмкіндігі жоқ, депті Дүниежүзілік банк сарапшылары.
Ұзақ уақытқа созылған дағдарыстың салдары Қазақстанда кедейлік пен теңсіздік деңгейін арттыруы мүмкін. Болжамдарға сүйенсек, 2020 жылы кедейлік деңгейі 8,3-тен 12,7 пайызға жетуі ықтимал. Бұл 800 мыңнан астам адам кедей өмір сүреді деген сөз.
ktk.kzҰқсас жаңалықтар
Татулықтың тұтқасы, бірліктің бесігі
- Бүгін, 15:54
Ақпарат
ЖИ: шетелде қалай, бізде қалай?
- 31 наурыз, 2026
Тұрғындарға тегін құқықтық көмек көрсетілді
- 31 наурыз, 2026
Зейнетақы жинағын мерзімінен бұрын алудың талабы қандай?
- 31 наурыз, 2026
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




