Жаңалықтар
Сенат сайлауы: Әйелдердің саяси белсенділігі екі есеге өскен
- author «Ақ жол»
- 25 шілде, 2020
- 522
Сенат сайлауы: Әйелдердің саяси белсенділігі екі есеге өскен
ҚР Орталық сайлау комиссиясының төрағасы Берік Имашев ҚР Парламенті Сенаты сайлауы кезінде әйелдердің саяси белсенділігін атап өтті. ҚР Парламенті Сенаты сайлауына 10 әйел саясаткер өз үміткерлігін ұсынған.
Әйелдердің саяси белсенділігі сақталып келеді. Тіркелген кандидаттардың ішінде 10 әйел бар, бұл жалпы көлемнің - 17,2%. Алдыңғы сайлау науқанымен салыстырғанда бұл көрсеткіш екі есеге жуық артық, - деді Берік Имашев ҚР Парламенті Сенатына кандидаттарды тіркеу нәтижелерін жариялаған отырыста.
Сенат сайлауына 58 үміткер тіркелген.
- Сонымен бір депутаттық мандатқа үш үміткер таласады. Аймақтардың ішінде ең көп кандидат Нұр-Сұлтан қаласында және Ақмола облысында тіркелді, әрқайсысынан бес адамнан түсуде.Ұқсас жаңалықтар
Жауапкершілікті күшейтетін тарихи мүмкіндік
- 12 наурыз, 2026
101 шаруаға жеңілдетілген несие берілді
- 12 наурыз, 2026
Ақпарат
Нарша
- 2 наурыз, 2026
Жамбылдың жауһар жырлары
- 26 ақпан, 2026
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




