Жаңалықтар
Шу ауданындағы мониторингтік топтар105 тәртіп бұзушылықты анықтады
- author «Ақ жол»
- 24 шілде, 2020
- 615
Шу ауданындағы мониторингтік топтар105 тәртіп бұзушылықты анықтады
Шу ауданы аумағында объектілердің қызметіне карантин кезеңінде бақылау жүргізетін 5 мониторинг топ құрылды, - деп хабарлайды Шу ауданы әкімінің баспасөз қызметі.
Арнайы мониторингтік топтар бүгінде тынымсыз жұмыс жүргізуде.
Атқарылған жұмыстардың нәтижесінде мониторинг топтар бүгінгі күнге дейін 574 нысанды тексеріп, 105 тәртіп бұзушылықты анықтап отыр.
Оның ішінде: 71 нысанға ескерту беріліп, 11 нысанның жұмысы тоқтатылды.
23 нысанға әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттама толтырылып сотқа жолданды. Оның ішінде: 3 хаттамаға сот айыппұл салу туралы шешім шығарды, 6 нысанға 3,1 млн тг айыппұл салынды.
Шу ауданы әкімдігі тұрғындардан сақтық шараларын сақтап, тәртіпке бағынуларын ескертуде.Ұқсас жаңалықтар
Жауапкершілікті күшейтетін тарихи мүмкіндік
- 12 наурыз, 2026
101 шаруаға жеңілдетілген несие берілді
- 12 наурыз, 2026
Ақпарат
Нарша
- 2 наурыз, 2026
Жамбылдың жауһар жырлары
- 26 ақпан, 2026
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




