Ішкі істер министрі Сәтпаев қаласындағы жағдай туралы
ҚР Ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаев Қарағанды облысы Сәтпаев қаласындағы жағдай туралы шұғыл брифинг өткізді. 23 шілде күні сағат 21.00-де Жезқазған қаласының тұрғыны 5 жасар қызының жоғалып кеткені туралы Сәтпаев қаласының полиция бөлімшесіне хабарласқан. Іздестіру іс-шараларының нәтижесінде бала көпқабатты үйдің пәтерлерінің бірінен табылды. Қазір қыз ауруханада жатыр. Күдікті қамауға алынды.
Ұсталған адамның үйінің жанында күдіктіні өздеріне тапсыруды талап еткен наразы адамдар жиналған. Қазіргі уақытта қаладағы жағдай тұрақтанды, адамдар өз үйлеріне тарады.
- Аталған факті бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Тергеу амалдары жүргізіліп жатыр, қажетті сараптамалар тағайындалды. Оның әрекеті ҚР Қылмыстық кодекстің екі бабы бойынша: "Адам ұрлау" және "Кәмелетке толмаған баланы зорлау" бойынша айқындалды, - деді ІІМ басшысы.
Ұқсас жаңалықтар
Жамбылдық орманшы отқа оранған көліктен 4 адамды аман алып шықты
- 23 қыркүйек, 2024
Ақпарат
АЭС салсақ - электр энергиясын экспорттаймыз
- 22 қыркүйек, 2024
Қазір қолдағы телефонға да қуат керек заман - Қадырбеков
- 22 қыркүйек, 2024
Алматылық қос азаматтың жазасы жеңілдетілді
- 30 тамыз, 2024
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді