Жаңалықтар
Сәтпаев тұрғындары азғындық жасаған күдіктіні өз қолдарына беруді талап етуде
- author «Ақ жол»
- 24 шілде, 2020
- 507
Сәтпаев тұрғындары азғындық жасаған күдіктіні өз қолдарына беруді талап етуде
Сәтпаев қаласында кешке қарай 5 жасар қыз бала жоғалып кетті, деп хабарлайды zakon.kz.
Полицейлер мен еріктілердің күшімен қыз бала белгісіз ер адаммен бірге көпқабатты үйлердегі пәтердің бірінен табылды. Күдікті қазір қамауда, бала ауруханада тексерілуде.
Баланы іздеуге қатысқан топ пен оларға кейін қосылған жергілікті тұрғындар әлгі үйдің алдына жиналып, өз қолымен жазалау үшін күдіктіні беруді талап еткен.
Тәртіпсіздікке жол бермеу үшін құқық қорғау күштері жұмылдырылды.
Қарағанды облысының полиция басқармасы қоғамдық тәртіпті және қала тұрғындарының қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін барлық қажетті шараларды қабылдауда.Ұқсас жаңалықтар
Татулықтың тұтқасы, бірліктің бесігі
- Бүгін, 15:54
Ақпарат
ЖИ: шетелде қалай, бізде қалай?
- 31 наурыз, 2026
Тұрғындарға тегін құқықтық көмек көрсетілді
- 31 наурыз, 2026
Зейнетақы жинағын мерзімінен бұрын алудың талабы қандай?
- 31 наурыз, 2026
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




