Жаңалықтар
Мойынқұм ауылына Жазылбек Қуанышбаевтың есімін беруді ұсынды
- author «Ақ жол»
- 23 шілде, 2020
- 281
Мойынқұм ауылына Жазылбек Қуанышбаевтың есімін беруді ұсынды
Облыс әкімі Бердібек Сапарбаев Мойынқұм ауданындағы іс-сапары барысында аудандағы зиялы қауым өкілдерімен кездесті. Жиын барысында аудандық қоғамдық кеңестің төрағасы Болат Сатыбалдиев аудан орталығы саналатын Мойынқұм ауылына Жазылбек Қуанышбаевтың есімі берілсе деген ұсынысын білдірді.
Шынын айту керек, өткен ғасырда құмды өлкенің маңғаз даласын жайлаған малшы қауымның шаруасы шалқып, жеткен жетістіктері мен көрсеткіштері әлі күнге дейін көптің есінде.
Аты аңызға айналған даңқты шопан Жазылбек Қуанышбаевтың есімін елге танықтан да осы Мойынқұмның малға жайлы даласы деуге болады. Екі мәрте Еңбек Ері атағын алған шопанның ауданға сіңген еңбегін еш нәрсемен өлшеуге келмесі анық. Міне, осының бәрін тілге тиек еткен аймақ басшысы бұл ұсынысқа қолдау білдіретінін жеткізді.
Ұқсас жаңалықтар
Жамбылдық орманшы отқа оранған көліктен 4 адамды аман алып шықты
- 23 қыркүйек, 2024
Ақпарат
АЭС салсақ - электр энергиясын экспорттаймыз
- 22 қыркүйек, 2024
Қазір қолдағы телефонға да қуат керек заман - Қадырбеков
- 22 қыркүйек, 2024
Алматылық қос азаматтың жазасы жеңілдетілді
- 30 тамыз, 2024
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді