Тараздағы 15-ші ықшам ауданның өзіне 4 мектеп керек
Бүгінде Жамбыл облысы бойынша тозығы жеткен мектеп ғимараттарының құрылысымен қатар, жаңа білім ұяларын салу да өзекті болып отыр.
Мәселен Тараз қаласында жаңадан бой көтерген 15-ші ықшам ауданында әзірге бірде-бір мектеп жоқ. Ал жаңа оқу жылы жақындап қалды.
Облыстық мәслихаттың сессиясында аймақ басшысы Бердібек Сапарбаев бұл мәселеге қатысты:
«Ескі ғимараттарды жөндеумен қатар, енді бой көтеріп жатқан ықшам аудандар мен тұрғын алқаптарында жаңа мектептер салуды да басты назарда ұстауымыз қажет.
Мысалы, 15-ші ықшам ауданда кемі 4 мектеп болуы керек. Ол үшін келесі жылға қаржы алу үшін Үкіметпен жұмыс жасап жатырмыз», деп мәлімдеді.Ұқсас жаңалықтар
Татулықтың тұтқасы, бірліктің бесігі
- Бүгін, 15:54
Ақпарат
ЖИ: шетелде қалай, бізде қалай?
- 31 наурыз, 2026
Тұрғындарға тегін құқықтық көмек көрсетілді
- 31 наурыз, 2026
Зейнетақы жинағын мерзімінен бұрын алудың талабы қандай?
- 31 наурыз, 2026
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




