Ұры тонаған үйінде ұйықтап қалған
Шығыс Қазақстан облысында түнде 54 жастағы мас ер адам тонамақ болған үйінде ұйықтап қалды, - деп хабарлайды Altaynews.kz.
Күдікті мас күйінде жеке үйге ұрлыққа түскен. Ол онда ешкім жоқ екенін білген. Ер адам 8 мың теңгенің азық-түлігін ұрлаған. "Ол азық-түлікті полиэтилен пакетіне салған. Алайда мас ұры оқиға орнында ұйықтап қалған. Таңертең күдікті ұрлаған азық-түлігімен көшеге шыққан кезде оны полиция қызметкерлері ұстады. Күдікті Жарма ауданының полиция бөліміне жеткізілді. Ер адамның осыған дейін де қылмыстық жауапкершілікке тартылғанын белгілі болды", - дейді облыстық полиция департаментінің қызметкерлері.ШҚО полиция департаментінің басшысы Сағат Мәдиевтің айтуынша, бұл факт ҚР Қылмыстық кодексінің 188-бабы 3-тармағы ("Ұрлық") бойынша сотқа дейінгі тергеу реестріне тіркелген. Тәртіп сақшылары істі тергеп жатыр.
Ұқсас жаңалықтар
Татулықтың тұтқасы, бірліктің бесігі
- Бүгін, 15:54
Ақпарат
ЖИ: шетелде қалай, бізде қалай?
- 31 наурыз, 2026
Тұрғындарға тегін құқықтық көмек көрсетілді
- 31 наурыз, 2026
Зейнетақы жинағын мерзімінен бұрын алудың талабы қандай?
- 31 наурыз, 2026
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




