Жаңалықтар
Вакциналарды уақытылы алған балаларда вирус жеңіл өтеді
- author «Ақ жол»
- 23 шілде, 2020
- 219
Вакциналарды уақытылы алған балаларда вирус жеңіл өтеді
Қазір, вирус туралы түрлі алыпқашпа әңгімелер қоғамда қызу талқыланып жатыр. Кейбіреулер күзде пневмония өршіп балалар жаппай ауырады десе, екіншілер қауіпті кесел оларға жұқпайды, - дейді. Бірақ вирус кәрі жасты талғамайды екен. Ажар Ғиният, ҚР Денсаулық сақтау министрінің орынбасары:
"Күздің кезінде басқа да вирустық инфекциялар бас көтеретіні белгілі. Грипп, парагрипп басқа да вирустар бар. Олардың көбісі асқынған кезде вирустық пневмонияға алып келеді".Педиатр дәрігерлер күзде маусымдық аурулардың қозған шағында, пневмония да өршуі мүмкін екенін жоққа шығармайды. Дегенмен коронавирус инфекциясын балалардың ағзасы жеңіл көтеретінін растайды. Бұл құбылыстың сырын әзірге ешкім білмейді. Ғалия Сейдалиева, бірінші санаттағы педиатр-дәрігер:
"Балаларда туылғаннан бастап вакцинация болады, әрдайым вакцинация жасалады. Сол екі, үш, төрт айда алынатын вакцина Хиповский деп аталады, немесе гемофильная палочкаға қарсы тұратын вакцина. Сол вакциналарды уақытылы алса, балаларда осы пневмония, гемофильді қоздырғышы бар барлық аурулар жеңіл түрде өтеді".Айта кетейік, вирус жұқтырған жүкті әйелдердің дені дүниеге коронавирус инфекциясы жоқ бала алып келеді екен.
Ұқсас жаңалықтар
Жамбылдық орманшы отқа оранған көліктен 4 адамды аман алып шықты
- 23 қыркүйек, 2024
Ақпарат
АЭС салсақ - электр энергиясын экспорттаймыз
- 22 қыркүйек, 2024
Қазір қолдағы телефонға да қуат керек заман - Қадырбеков
- 22 қыркүйек, 2024
Алматылық қос азаматтың жазасы жеңілдетілді
- 30 тамыз, 2024
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді