Жалпыға бірдей декларациялау 2021 жылы басталады
Жалпыға бірдей декларациялау кейінге қалдырылды және 2021 жылдан бастап кезең-кезеңмен енгізілетін болады. Бірінші кезеңде 2021 жылдың 1 қаңтарынан бастап мемлекеттік қызметшілер мен олардың жұбайларынан, сондай-ақ оларға теңестірілген адамдардан және олардың жұбайларынан декларациялауды бастау ұсынылады.
Екінші кезеңде 2023 жылғы 1 қаңтардан бастап – мемлекеттік кәсіпорындардың қызметкерлері (білім беру, денсаулық сақтау, мәдениет, спорт және т. б. саласын қоса алғанда) және олардың жұбайлары.
Үшінші кезеңде 2024 жылғы 1 қаңтардан бастап – заңды тұлғалардың басшылары мен құрылтайшылары және олардың жұбайлары, дара кәсіпкерлер мен олардың жұбайлары.
Төртінші кезеңде 2025 жылдың 1 қаңтарынан бастап халықтың қалған санаттары.
Бұл ретте әрбір кезеңнің қорытындылары талданып, проблемалық мәселелер анықталатынын және заңнаманы, әдіснаманы және ақпараттық жүйелерді жетілдіру бойынша шаралар қабылданатынын атап өту маңызды. Жалпыға бірдей декларациялауды енгізген кезде жеке тұлғалардың декларацияларын кім ұсынуға тиіс? Қазақстанның кәмелетке толған азаматтары, оралмандар және тұруға ыхтиярхаты бар адамдар;
кәмелетке толмаған тұлғалар – тұрғын үй құрылысында қатысу үлесі, олардың атына тіркелген мүлкік, банктік шоттарда ақша сомасы, дебиторлық берешек және (немесе) кредиторлық берешек болған жағдайда;
шетелдіктер – Қазақстан аумағында мүлкі немесе тұрғын үй құрылысында қатысу үлесі болған жағадйда. Жалпыға бірдей декларациялау кезінде жеке тұлғалар қандай декларация нысандарын тапсыруға тиіс? Декларациялау жүйесіне енген кезде ктивтер мен міндеттемелер туралы декларация ұсынылатын болады, онда меншік құқығындағы мүлікті, соның ішінде пәтерлерді, машиналарды, банктердегі салымдарды міндеттемелерін көрсету қажет.
Кейіннен халық жыл сайын кірістер, сатып алған мүлік туралы декларацияны тапсыратын болады. Декларацияларды ұсыну мерзімдері Декларацияны ұсынудың 2 мерзімі көзделген:
15 шілдеге дейін – қағаз тасымалдағышта;
15 қыркүйектен кешіктірмей – электрондық түрде.
Ұқсас жаңалықтар
Жамбылдық орманшы отқа оранған көліктен 4 адамды аман алып шықты
- 23 қыркүйек, 2024
Ақпарат
АЭС салсақ - электр энергиясын экспорттаймыз
- 22 қыркүйек, 2024
Қазір қолдағы телефонға да қуат керек заман - Қадырбеков
- 22 қыркүйек, 2024
Алматылық қос азаматтың жазасы жеңілдетілді
- 30 тамыз, 2024
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді