Бас санитар той жасауды тоқтатпаған өңірлерді атады
Коронавирус инфекциясының таралуына қарамастан той жасап жатқан қазақстандықтар бар. Бұл туралы ҚР бас мемлекеттік санитар дәрігері Айжан Есмағамбетова айтып берді.
«Әрине, өкінішті жағдай, бірақ мұндай фактілер әлі де тіркеліп жатыр. Жаппай халық жиналатын шараларға тыйым салынса да, кей тұрғындар үйлену, қыз ұзату, туған күн өткізуді тоқтатар емес. Бұл инфекция жұқтыру мен оның таралу қаупін тудырады», - деді спикер Орталық коммуникациялар қызметінде өткен онлайн брифингте.
Бас санитар мұндай мерекелік жиындарға басқа өңірлерден де қонақтар шақырылатынын атап өтті.
«Әдеттегідей, бірнеше өңірден жиналған қонақтар қауіпті инфекцияны өз үйлеріне алып барады. Мұндай заңбұзу фактілері Алматы қаласында, Түркістан, Жамбыл, Батыс Қазақстан, Павлодар, Алматы облыстарында анықталды. Барлық мереке ұйымдастырушыларға айыппұл түрінде әкімшілік жаза қолданылды», - деді Айжан Есмағамбетова.
Ұқсас жаңалықтар
Жауапкершілікті күшейтетін тарихи мүмкіндік
- 12 наурыз, 2026
101 шаруаға жеңілдетілген несие берілді
- 12 наурыз, 2026
Ақпарат
Нарша
- 2 наурыз, 2026
Жамбылдың жауһар жырлары
- 26 ақпан, 2026
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




