Жаңалықтар
Таразда тамыздан бастап автобустарға электронды билет енгізіледі
- author «Ақ жол»
- 22 шілде, 2020
- 784
Таразда тамыздан бастап автобустарға электронды билет енгізіледі
1 тамыздан бастап Тараздағы автобустардың салондарына электрондық жол жүру картасы арқылы төлем жасауға арналған валидаторлар мен терминалдар кезең-кезеңімен орнатылатын болады.
Қала аумағындағы қоғамдық көліктерде жол жүру үшін электрондық карта арқылы төлеу кезінде жол ақысы барлық жолаушылар үшін 65 теңге, мектеп оқушыларына (1-11 сынып) - 30 теңге.
Ал, электрондық картасы жоқ азаматтар жол ақысын қолма-қол ақшамен төлейтін болса, жол жүру құны барлық жолаушылар үшін 130 теңге, мектеп оқушыларына (1-11 сынып) 65 теңге мөлшерінде болмақ. Бұл туралы Тараз қаласының әкімдігі хабарлады.
«SAPARCARD» электрондық жол жүру төлем карталарын 2020 жылдың 27 шілдесінен бастап қаладағы бірнеше нүктеден сатып алуға болады. Электрондық жол жүру төлем картасының құны барлық жолаушылар үшін 500 теңге болмақ. Айта кету керек, карталардың жарамдылық мерзімі шектелмеген. Сондай-ақ, оқушыларға аты-жөні, ЖСН, фотосуреті бар персоналды карталар дайындалады», делінген қала әкімдігінің хабарламасында.
Ұқсас жаңалықтар
Татулықтың тұтқасы, бірліктің бесігі
- Бүгін, 15:54
Ақпарат
ЖИ: шетелде қалай, бізде қалай?
- 31 наурыз, 2026
Тұрғындарға тегін құқықтық көмек көрсетілді
- 31 наурыз, 2026
Зейнетақы жинағын мерзімінен бұрын алудың талабы қандай?
- 31 наурыз, 2026
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




