Жаңалықтар
Ыстық тамақтан үнемделген қаржыға көпбалалы отбасыларға ноутбук әперіледі
- author «Ақ жол»
- 22 шілде, 2020
- 475
Ыстық тамақтан үнемделген қаржыға көпбалалы отбасыларға ноутбук әперіледі
Түркістан қаласының әкімі Рашид Аюпов мектеп директорларымен қашықтан сапалы оқыту мәселесі бойынша дайындықтарын пысықтады. Онлайн байланыс кезінде әр пәнді үйде отырып оқуда ең тиімді және жаңашыл жолдарды қарастырудың маңыздылығы талқыланды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Талқылау барысында жергілікті «Тұран-Түркістан» телеарнасы арқылы мұғалімдердің күнделікті сабақ беруі мен OnlineMektep қашықтықтан оқыту жүйесін орта білім беру ұйымдарына енгізу, Youtube каналына озық тәжірибелі мұғалімдердің сабақтарын жүктеу мен оқушыларды техникалық құралмен қамтамасыз ету жағы пысықталып жатқаны айтылды. Сондай-ақ, ZOOM, Google Classroom, EduPage арқылы жұмыс жасау жолында дайындық барысы сөз болды. Сала мамандарының айтуынша, мектептерде карантин кезінде қарастырылған ыстық тамақ пен киім-кешектен үнемделген қаржыға көпбалалы отбасыларға планшет пен ноутбук әперілмек.
«Биыл 1-11 сыныпқа 44 000-нан астам оқушы келер болса, оның 22 000-ға жуығы, яғни 9 000-нан астам отбасын техникамен қамтамасыз ету жоспарланған. Биыл жаңа платформаға геймификация, яғни, оқыту процесін ойын техникасы арқылы іске асыру қарастырылуда. Оқушы әр өткен сабақтары үшін бонус жинап, нәтижесінде түрлі сыйлықтарға ие бола алады», - дейді сала мамандары.
Ұқсас жаңалықтар
Жауапкершілікті күшейтетін тарихи мүмкіндік
- 12 наурыз, 2026
101 шаруаға жеңілдетілген несие берілді
- 12 наурыз, 2026
Ақпарат
Нарша
- 2 наурыз, 2026
Жамбылдың жауһар жырлары
- 26 ақпан, 2026
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




