Қазақстанда зейнет жасы қысқара ма?
Әлеуметтік желілерде және мессенджерлерде Қазақстанда зейнет жасы төмендейтіндігі туралы хабарламасы бар сурет таратылуда, деп хабарлайды zakon.kz stopfake.kz-ке сілтеме жасап.
Желідегі сүйінші хабарда ерлердің зейнетке шығу мерзімі 61, ал әйелдер үшін 57 жасқа дейін қысқартылған деп жазылған.
ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің мәліметінше, бұл ақпарат шындыққа мүлде сәйкес келмейді.
Суреттегі мәліметте ерлердің зейнетке шығу мерзімі 61, ал әйелдер үшін 57 жасқа дейін қысқартылған деп жазылған. Сонымен бірге бұл мәтін Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың фотосуретімен берілген.
ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі бұл ақпаратты жоққа шығарды. - Бұл - жалған ақпарат, біз зейнет жасына қатысты қандай да бір өзгерістерді қарастырып жатқан жоқпыз, - деді министрліктегілер.
Ұқсас жаңалықтар
Жауапкершілікті күшейтетін тарихи мүмкіндік
- 12 наурыз, 2026
101 шаруаға жеңілдетілген несие берілді
- 12 наурыз, 2026
Ақпарат
Нарша
- 2 наурыз, 2026
Жамбылдың жауһар жырлары
- 26 ақпан, 2026
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




