Коронавирус жыныстық жолмен де жұғады
Қытайлық ғалымдар коронавирустың адамнан адамға жыныстық жолмен жұғуға қабілетті екенін растады. Бұл туралы Journal of the American Medical Association басылымында жарияланған зерттеуге сілтеме жасаған Reuters хабарлайды.
Кеселдің жаңа жұғу жолына Шанцю (Қытай) қалалық ауруханасында еркек кіндікті пациенттерді тестілеу нәтижесінде алынған деректер меңзейді. Тексерілген 36 науқастың алтауының, немесе 16 пайызының ұрығынан SARS-CoV-2 іздері байқалған.
Мамандар нақтылағандай, тексерілген пациенттер аурудан жазылып келе жатқан, бірақ сонда да коронавирус жұқтырушы болып қала берген.
Дәрігерлер бұған дейін де COVID-19 қоздырушылары адамның ұрығында болуы мүмкін екенін тұспалдаған. Алайда бұған дейін 12 науқас еркектің SARS-CoV-2-ге тапсырған ұрықтарының тесті теріс нәтиже көрсеткен болатын.Ұқсас жаңалықтар
Татулықтың тұтқасы, бірліктің бесігі
- Бүгін, 15:54
Ақпарат
ЖИ: шетелде қалай, бізде қалай?
- 31 наурыз, 2026
Тұрғындарға тегін құқықтық көмек көрсетілді
- 31 наурыз, 2026
Зейнетақы жинағын мерзімінен бұрын алудың талабы қандай?
- 31 наурыз, 2026
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




