Мойынқұмда өртті 4 күннен бері сөндіре алмай жатыр
Мойынқұм ауданы Қарабөгет ауылынан 50 шақырым қашықтықта Мойынқұм орман және жануарлар дүниесін қорғау мекемесінің аумағында құмды жерде құрғақ шөп пен сексеуіл жанып жатыр. Өрт сөндірушілер осымен төртінші күн тілсіз жаумен арпалысуда, деп хабарлайды ҚазАқпарат төтенше жағдайлар комитетіне сілтеме жасап.
Өртті сөндіруге ТЖД, «Мойынқұм, Байзақ, Меркі, Қосқұдық, Қордай және Жуалы орман және жануарлар дүниесін қорғау мекемелері» КММ, Мойынқұм ауданының ерікті өрт сөндіру құрылымынан 233 адам және 50 техника, «Қазавиаорманкүзеті» РМК МИ-2 тікұшағы жұмылдырылды.
21 шілде түндегі жағдай бойынша өрттің аумағы 34 мың гектарға жетті. Елді мекендерге қауіп жоқ. Барлық күш-құралдар қарауылдау жұмысын жүргізуде. Өрт орнында екпіні секундына 10 метрге жететін жел соғып тұр, ауа температурасы - +36 градус.
Ұқсас жаңалықтар
Жамбылдық орманшы отқа оранған көліктен 4 адамды аман алып шықты
- 23 қыркүйек, 2024
Ақпарат
АЭС салсақ - электр энергиясын экспорттаймыз
- 22 қыркүйек, 2024
Қазір қолдағы телефонға да қуат керек заман - Қадырбеков
- 22 қыркүйек, 2024
Алматылық қос азаматтың жазасы жеңілдетілді
- 30 тамыз, 2024
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді