Жаңалықтар
Сирек кездесетін тұңғиық гүлді жұлғандар жазалануы мүмкін
- author «Ақ жол»
- 22 шілде, 2020
- 949
Сирек кездесетін тұңғиық гүлді жұлғандар жазалануы мүмкін
Алматыда Первомай тоғанында тұңғиық гүлдерді жұлған алматылықтар жазаға тартылуы мүмкін, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Бұл заң бұзушылық жайлы қала тұрғыны Юлия Низамова Instagram парақшасында жариялады.
«Инстаграмда бір қыз тоғанда су кешіп, тұңғиық гүлді жұлғанын салып қойыпты. Бұл гүлдер осы жерде ғана өсетінін білмесе керек. Бұл әрекет менің ақылыма қонбайды. Жұлынған гүлдер үйге де жетпейді», - деді Юлия Низамова.
Әлеуметтік желіде адамдар тұңғиық гүлмен түскен суреттерін көптеп жариялай бастады. Первомай тоғаны Алматы іргесінде Алматы облысының аумағында орналасқан. Бұл тоғанға кіру ақылы екен.
Первомай демалыс саябағының өкілдері адам басына 1000 теңге алады.
Алматы полициясының баспасөз қызметінен хабарлағандай, тұңғиық гүлді жұлды деген шағыммен ешкім полицияға хабарласпаған.
Мамандардың айтуынша, мұндай құқықбұзушылықтар үшін ҚР ӘқбК 386-бабымен (Жасыл желекті ұстау, күтіп бағуда жіберілген заңбұзушылық) айыппұл қарастырылған. Тұңғиық гүл Қазақстан Республикасының Қызыл кітабына енгізілсе, оны жұлған адам қылмыстық жауапкершілікке де тартылуы мүмкін.
Жалпы Қызыл кітапқа 373 түрлі өсімдік,13 түрлі саңырауқұлақ енген.
Бұл өсімдіктің тамыры терең су астына бойлап кетеді. Тұңғиықтың 3 түрлі жапырағы бар. Бірі су үстінде болса, бірі - ортасында үшіншісі су астында өсе береді.
Ұқсас жаңалықтар
Татулықтың тұтқасы, бірліктің бесігі
- Бүгін, 15:54
Ақпарат
ЖИ: шетелде қалай, бізде қалай?
- 31 наурыз, 2026
Тұрғындарға тегін құқықтық көмек көрсетілді
- 31 наурыз, 2026
Зейнетақы жинағын мерзімінен бұрын алудың талабы қандай?
- 31 наурыз, 2026
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




