Жаңалықтар
Мемлекеттік сатып алудың арнайы тәртібі 1 қазанға дейін ұзартылады
- author «Ақ жол»
- 21 шілде, 2020
- 177
Мемлекеттік сатып алудың арнайы тәртібі 1 қазанға дейін ұзартылады
Мемлекеттік сатып алудың арнайы тәртібін енгізумен тауарларды мемлекеттік сатып алу бірінші кезеңде жеңілдетілген (баға ұсыныстарын сұрату тәсілімен) түрде және отандық тауар өндірушілер арасында ғана жүзеге асырылады, деп хабарлайды zakon.kz.
Өтінімдер болмаған жағдайда ғана мұндай тауарларды сатып алу қалған өнім берушілер арасында жүзеге асырылады.
Қазақстандық өндірушілер мен олар өндіретін тауарлардың тізбесі Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің мәліметтері негізінде Мемлекеттік сатып алу жөніндегі ведомствоаралық комиссияда айқындалады.
Бүгінге дейін Арнайы тәртіп арқылы отандық тауар өндірушілерден 62 млрд теңгеден астам сомаға тауарлар сатып алынды. Арнайы тәртіп коронавирусқа қарсы күрес шеңберінде 117 млрд теңгеге жедел сатып алуды жүргізуге мүмкіндік берді. Сондай-ақ арнайы тәртіп шеңберінде дағдарысқа қарсы шаралар қабылданды, жұмыспен қамтудың жол картасы бойынша 955 млрд теңгеге жұмыстар, сондай-ақ маусымдық жұмыстар жедел сатып алынды.
Арнайы тәртіптің тиімділігін ескере отырып, оның қолданылуы 2020 жылғы 1 қазанға дейін ұзартылады (Өзгерістер енгізу жөніндегі ҚР 16.07.2020 ж. №448 қаулысы).
Мемлекеттік сатып алу мәселелері бойынша заң жобасы шеңберінде жергілікті қамтуды дамытуға ықпал ететін нормалар ұсынылады. Осылайша, негіздемелік келісімдерді пайдалана отырып, сатып алудың жаңа тәсілі енгізіледі. Бұл өнім берушіні таңдаудың орташа ұзақтығы 1,5 ай болғанда, оны 5 күнге дейін қысқартуға мүмкіндік береді. Негіздемелік келісімдердің ұзақ мерзімділігін ескере отырып, бұл тәсіл жиі сатып алынатын тауарлардың импортын алмастыруды жүзеге асыруға және қазақстандық тауар өндірушілерге өнімдерінің кепілді сатылуын қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.
Ұқсас жаңалықтар
Сот саласындағы мемлекеттік тілдің маңыздылығы
- 17 қазан, 2024
Қағазбастылықтан арылтып, қолжетімділікті арттыруда
- 17 қазан, 2024
Ақпарат
Референдумнан қордайлықтар да қалыс қалмауда
- 6 қазан, 2024
АЭС салсақ - электр энергиясын экспорттаймыз
- 22 қыркүйек, 2024
Қазір қолдағы телефонға да қуат керек заман - Қадырбеков
- 22 қыркүйек, 2024
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді