Электронды теңгені жасап шығаруды жылдамдату керек
Алик Шпекбаев сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің отырысында электронды теңгені жасап шығару процесін жеделдетуді ұсынды. Айтуынша, бұл жемқорларға ақша жымқыруда «қолайсыздық» тудырады, сондай-ақ бюджет қаражатының мөлдірлігін қамтамасыз етеді.
"Бұл жемқорлық үшін қолайлы қолма-қол ақшаны қысқартуға мүмкіндік беріп, мемлекеттік сатып алу кезінде бюджет қаражатының мөлдірлігін қамтамасыз етеді", – деп мәлімдеді А.Шпекбаев.
Агенттік басшысы өзі басқаратын ведомствода да цифрландыру процесін жеделдетуге ниетті. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет өкілдері электрондық қылмыстық істер жүйесін белсенді қолдануды көздеп отыр. Осылайша, ведомство өкілдері үстінен тергеу жүргізіліп жатқан, бірақ қамауға алынбаған тұлғаларға электронды білезік тағуды қарастыратын «алматылық тәжірибені» қолданбақ.
Ұқсас жаңалықтар
Татулықтың тұтқасы, бірліктің бесігі
- Бүгін, 15:54
Ақпарат
ЖИ: шетелде қалай, бізде қалай?
- 31 наурыз, 2026
Тұрғындарға тегін құқықтық көмек көрсетілді
- 31 наурыз, 2026
Зейнетақы жинағын мерзімінен бұрын алудың талабы қандай?
- 31 наурыз, 2026
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




