Үйде емделіп жатқан науқастарға дәрі тегін беріледі
Қазақстандық емханаларда үйде емделіп жатқан пациенттерге COVID-19 және пневмонияға қарсы препараттар тегін ұсынылады. Бұл туралы Денсаулық сақтау министрлігінің басшысы Алексей Цой брифинг барысында мәлімдеді.
Министр қазіргі уақытта бірқатар дәрі-дәрмектерді осы ауруларды емдеу стандартына енгізу бойынша жұмыс жүргізіліп жатқанын айтты.
Әңгіме антибиотиктер мен "Парацетамол" және "Ибупрофен" сияқты қызу түсіретін препараттар туралы болып отыр. Сонымен қатар, тізімге "Ривароксабан", "Апиксабан" және "Дабигатран" секілді антикоагулянттар қосылмақ.
А.Цой бұл дәрі-дәрмектер қазір халық арасында үлкен сұранысқа ие екенін, бірақ оларды қабылдау дәрігердің міндетті түзетуін қажет ететінін алға тартты.
Министрдің айтуынша, бұл шара пациенттерге уақтылы медициналық көмек көрсетуге және олардың денсаулығының нашарлауының алдын алуға бағытталған.
А.Цой бұл дәрі-дәрмектерді үйде ем қабылдайтын науқастарға тегін беріледі деп сендіреді. Барлық шығындарды Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры төлейді.
"Бұл дәрі-дәрмектер бекітілген жердегі емханаға хабарласқан кезде және аурудың ерте сатысында тиісті диагноз қойылған кезде, дәрігердің бақылауымен үйде емдеу мүмкіндігі болған кезде тағайындалады", - деп түсіндірді ол.
Ұқсас жаңалықтар
Жамбылдық орманшы отқа оранған көліктен 4 адамды аман алып шықты
- 23 қыркүйек, 2024
Ақпарат
АЭС салсақ - электр энергиясын экспорттаймыз
- 22 қыркүйек, 2024
Қазір қолдағы телефонға да қуат керек заман - Қадырбеков
- 22 қыркүйек, 2024
Алматылық қос азаматтың жазасы жеңілдетілді
- 30 тамыз, 2024
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді