Жаңалықтар
Мектеп директоры той жасағанын мойындап, түсініктеме берді
- author «Ақ жол»
- 21 шілде, 2020
- 731
Мектеп директоры той жасағанын мойындап, түсініктеме берді
"Аq jol" газетінің сайтында жарияланған "Шуда мектеп директоры 200 адамға той жасап, қызын ұзатқан" атты жазбаға Жамбыл облысының тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаменті жауап берді. "Шу аудандық тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау басқармасы, Жамбыл облыстық «Ақ жол» газетінде және де 17 шілде 2020 жылы әлеуметтік желіде "Шуда мектеп директоры 200 адамға той жасап, қызын ұзатқан"- деген мақала бойынша, той иесіне Қазақстан Республикасы әкімшілік құқық бұзушылық Кодексінің 425 бабы, 1 тармағы бойынша әкімшілік іс қозғалды. Той иесі, карантин кезінде той өткізгенін мойындап, жіберілген кемшіліктері үшін өкінгені туралы түсініктеме берді. Осы хаттаманың негізінде әкімшілік құқық бұзушылық Кодексінің 425 бабы 1 тармағына сәйкес, жеке тұлға ретінде 30 айлық есептік көрсеткіш (83,340 тенге) көлемінде айыппұлға тартылды. Білім басқармасына Шу ауданының мектеп директорына шара қолдану үшін хат жолданды", - делінген жауапта.
Ұқсас жаңалықтар
Жауапкершілікті күшейтетін тарихи мүмкіндік
- 12 наурыз, 2026
101 шаруаға жеңілдетілген несие берілді
- 12 наурыз, 2026
Ақпарат
Нарша
- 2 наурыз, 2026
Жамбылдың жауһар жырлары
- 26 ақпан, 2026
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді





