Жаңалықтар
Карантин кезінде той жасаған мектеп директорына айыппұл салынды
- author «Ақ жол»
- 21 шілде, 2020
- 632
Карантин кезінде той жасаған мектеп директорына айыппұл салынды
Әлеуметтік желілерге мониторинг жүргізу барысында мониторингтік топ Жамбыл облысы Шу ауданы Шу қаласындағы мейрамханалардың бірінде жаппай отбасылық салтанатты шараның өткізілуі туралы бейнежазбаны байқаған болатын.
Шу ауданының әкімдігі полиция бөлімі және тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің қауіпсіздігін бақылау департаменті бірлесіп жүргізген тексеріс барысында бұл факті ағымдағы жылдың 26 маусым күні орын алғандығы расталды.
Карантин режимін бұзып, іс-шара ұйымдастырғаны үшін ауданның 42 жастағы тұрғыны әкімшілік жауапкершілікке тартылып, оған 30 АЕК (83 340 теңге) айыппұл салынды.
Тойдың иесі Шу ауданы Төле би ауылындағы оқу орындарының бірінде директор болып қызмет ететіні белгілі болды. Бүгінде ол кезекті еңбек демалысында. Алайда демалысы аяқталғаннан кейін тәртіптік комиссияда оның атқарып отырған лауазымына сәйкестігі туралы мәселе қаралмақ.
Бұдан бөлек, іс-шара өткен мекеме де анықталды. Нысан иесі Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес әкімшілік жауапкершілікке тартылатын болады. Жамбыл облысы әкімінің баспасөз қызметіҰқсас жаңалықтар
Жауапкершілікті күшейтетін тарихи мүмкіндік
- 12 наурыз, 2026
101 шаруаға жеңілдетілген несие берілді
- 12 наурыз, 2026
Ақпарат
Нарша
- 2 наурыз, 2026
Жамбылдың жауһар жырлары
- 26 ақпан, 2026
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




