Той жасап, отшашу атқан
Карантин талабына бағынбаған Сарыағаш ауданының тұрғыны келін түсіріп, тойында отшашу атқан, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, жас жұбайлардың тойы Instagram-ға тараған. Оны Сарыағаш аудандық полиция бөлімінің қызметкерлері әлеуметтік желіде байқап қалып, той ұйымдастырған тұрғынды анықтаған.
Тәртіп сақшылары мен аудандық жергілікті органдарынан құрылған мобильді топ қызметкерлері оқиға орнына барып, тексерген. Нәтижесінде бейнежазба Сарыағаш қаласында түсірілгені анықталып, той иесіне тиісті шаралар қолданылды.
«Тауарлар мен көрсетілетін қызмет сапасына бақылау басқармасының қызметкерлері той өткізген азаматқа қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 425-бабы «Халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы заңнама талаптарын, сондай-ақ гигиеналық нормативтердi бұзу» бойынша әкімшілік хаттама толтырылды. Түркістан облысының полицейлері облыс тұрғындарына елімізде енгізілген карантин талаптарын сақтап, әрбір азаматтың өз өмірі мен денсаулығына аса жауапкершілікпен қарауға шақырады», делінген хабарламада.
Ұқсас жаңалықтар
Жауапкершілікті күшейтетін тарихи мүмкіндік
- 12 наурыз, 2026
101 шаруаға жеңілдетілген несие берілді
- 12 наурыз, 2026
Ақпарат
Нарша
- 2 наурыз, 2026
Жамбылдың жауһар жырлары
- 26 ақпан, 2026
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




