«Астана» спорт клубы допинг дауына байланысты командаларға қойылатын талаптарды күшейтпек
- author «Ақ жол»
- 11 қыркүйек, 2014
- 937
АСТАНА. ҚазАқпарат - «Астана» президенттік кәсіби спорт клубы «Астана» велоқұрамасы менеджментінің сынама нәтижесімен тыйым салынған препаратты пайдаланғаны расталуына байланысты велошабандоз Валентин Иглинскиймен арадағы келісімшартты дереу бұзу туралы шешімін қолдады, деп хабарлады спорт клубының баспасөз қызметінен.
«Толық ашықтық қағидатын қолдаған «Астана» президенттік клубы келісімшарттағы этикалық ережені бұзған спортшыны қорғаудан бас тартады», - делінген баспасөз хабарламасында.
Атап өтілгендей, «Астана» президенттік клубы Халықаралық велошабандоздар одағымен үнемі байланыста жұмыс жасайды және допингсіз велоспортты қолдайтынын растайды. «Астана» президенттік клубы жақын арада клуб құрамындағы барлық құрамалар қол қоятын ортақ құжат әзірлемек. Онда спорт түрлері бойынша халықаралық спорт федерацияларының допингке қарсы саясатын сақтау туралы жазылады», - деп мәлім етті спорт клубынан.
Ақпарат көзі kazinform.kz
Ұқсас жаңалықтар
Шу ауданында 305 спорт нысаны жұмыс істейді
- 28 сәуір, 2026
Шу ауданында жаңа спорт кешені ашылды
- 22 сәуір, 2026
Ақпарат
ЖИ: шетелде қалай, бізде қалай?
- 31 наурыз, 2026
Тұрғындарға тегін құқықтық көмек көрсетілді
- 31 наурыз, 2026
Зейнетақы жинағын мерзімінен бұрын алудың талабы қандай?
- 31 наурыз, 2026
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




