Жаңалықтар
Қазақстанда карантинді жыл соңына дейін ұзарту ұсынылды
- author «Ақ жол»
- 19 шілде, 2020
- 588
Қазақстанда карантинді жыл соңына дейін ұзарту ұсынылды
Медицина ғылымдарының докторы, репродуктивті медицина қауымдастығының президенті Вячеслав Локшин Қазақстанда карантинді жыл соңына дейін ұзартуды ұсынды. Оның айтуынша, пандемияны басқа жолмен жеңу мүмкін емес.
Бұл туралы Ұлттық ғылым академиясының академигі Atameken Business телеарнасына берген сұқбат барысында айтты. "Абырой болғанда, Covid-19 жұқтырғандардың 70 пайызында ауру жеңіл немесе симптомсыз өтеді. Алайда біздің денсаулық саласына пациенттердің 30, 20, тіпті 10 процентінің өзі ауыр салмақ салды. Карантинді ұзарту – өте дұрыс шешім. Менің ойымша, карантинді жыл соңына дейін ұзарту қажет... Індетпен карантиннің көмегімен ғана күресуге болады", - деп мәлімдеді Вячеслав Локшин. Осы орайда профессор азаматтарды медицинаға ешқандай қатысы жоқ адамдардың әлеуметтік желілерде тарататын хабарламаларына сенбеуге шақырды.
Ұқсас жаңалықтар
Татулықтың тұтқасы, бірліктің бесігі
- Бүгін, 15:54
Ақпарат
ЖИ: шетелде қалай, бізде қалай?
- 31 наурыз, 2026
Тұрғындарға тегін құқықтық көмек көрсетілді
- 31 наурыз, 2026
Зейнетақы жинағын мерзімінен бұрын алудың талабы қандай?
- 31 наурыз, 2026
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




