Коронавирустан емдемек болған жалған емші ұсталды
Атырауда дәстүрлі емес медицина арқылы коронавирусты емдеумен айналысқан тұрғын ұсталды. Ол қаладағы ғимараттардың бірін стационар типінде жабдықтап, коронавирус жұқтырған тұрғындарға ем-дом жасаған, деп хабарлайды "Aq jol" Қазақстан ұлттық арнасына сілтеме жасап.
Тексеру барысында оның арнайы лицензиясы жоқ екендігі анықталды. Әрі қоймадан жарамдылық мерзімі өтіп кеткен, атауы өзге тілінде жазылған дәрі-дәрмектер табылды.
"Ғимараттың екінші қабатынан ешқандай санитарлық нормаларға сай келмейтін станционар ашқан. Полиция қызметкерлері тексеру барысында төменгі қабаттан жарамдылық мерзімдері асып кеткен, жалпы саны 2500-ден астам дәрілік өнімдерді тауып тәркіледі. Қазір аталған дерек бойынша тексеру жұмыстары жалғасуда", - деді облыстық полиция департаментінің баспасөз хатшысы Гүлнәзира Мұхтарова.Ұқсас жаңалықтар
Татулықтың тұтқасы, бірліктің бесігі
- Бүгін, 15:54
Ақпарат
ЖИ: шетелде қалай, бізде қалай?
- 31 наурыз, 2026
Тұрғындарға тегін құқықтық көмек көрсетілді
- 31 наурыз, 2026
Зейнетақы жинағын мерзімінен бұрын алудың талабы қандай?
- 31 наурыз, 2026
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




