Жаңалықтар
Пневмониямен ауырғандар саны өткен жылға қарағанда 3,3 есе өскен
- author «Ақ жол»
- 18 шілде, 2020
- 608
Пневмониямен ауырғандар саны өткен жылға қарағанда 3,3 есе өскен
КВИ мен пневмония бойынша статистиканың біріктірілетінін айтқан Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой жыл басынан бері елде 234 187 адам пневмониямен ауырғанын жария етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
«Осы жылдың 1 қаңтарынан 15 шілдесіне дейін Қазақстанда 234 187 адам пневмониямен ауырған. Бұл – өткен жылдың көрсеткішімен салыстырғанда 3,3 есе көп (70 926 адам)», - деді Алексей Цой ОКҚ-да өткен баспасөз мәслихатында.
Министр бұл мәлімет пневмонияның барлық түрін сипаттайтынын жеткізді.
«Олар - стафилококк, стрептококк, пневмококк, клебсиела және басқа да көптеген қоздырғыштар тудыратын бактериалды пневмония (45 824 жағдай тіркелген, яғни 19,6%). Бұл - аденовирус, риновирус пневмониясы, сондай-ақ параинфлюза вирусы, метапневмовирустар және басқа да жақсы зерттелген вирустардан туған пневмония. Ал бұл – қоздырғышы анықталмаған вирусты пневмония. Яғни, пневмонияның қоздырғышы анықталмаған, ковидке ұқсас пневмония жұқтырғаны жоққа шығарылмаған», - деді ол.
Алексей Цой 1 қаңтардан 15 шілдеге дейін пневмониядан 3 327 адам көз жұмғанын (2019 жылы - 1 896 жағдай) хабарлады.
Ұқсас жаңалықтар
Татулықтың тұтқасы, бірліктің бесігі
- Бүгін, 15:54
Ақпарат
ЖИ: шетелде қалай, бізде қалай?
- 31 наурыз, 2026
Тұрғындарға тегін құқықтық көмек көрсетілді
- 31 наурыз, 2026
Зейнетақы жинағын мерзімінен бұрын алудың талабы қандай?
- 31 наурыз, 2026
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




