Жаңалықтар
Қашықтан жұмыс істейтіндердің жарық пен интернетке кеткен шығынын жұмыс беруші төлейді
- author «Ақ жол»
- 17 шілде, 2020
- 548
Қашықтан жұмыс істейтіндердің жарық пен интернетке кеткен шығынын жұмыс беруші төлейді
ҚР Кәсіподақтар федерациясы төрағасының бірінші орынбасары Мұхтар Тінікеев жұмыс беруші қашықтан еңбек ететін қызметкерлерін қажетті байланыс құралдарымен қамтамасыз етуі керектігін айтты.
«Пандемия басталғанда Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі қашықтан жұмыс істейтін қызметкерлер электр жарығымен, интернетпен және жұмыс қажеттіліктерімен қамтылуы керектігін мәлімдеген еді. Алайда бұл тәртіп сақталмай келеді. Бәрі де өз қаражатымен қашықтан жұмыс жүргізіп жатыр. Бұл жағдай еңбек құқығының бұзылғанын білдіре ме?» - деген сұрақ қойылды «Кәсіподақтар көмегі және кәсіпорындарда карантиндік шаралардың сақталуын бақылау» тақырыбында ОКҚ-да өткен баспасөз мәслихатына қатысушыларға.
Бұл сұраққа ҚР Кәсіподақтар федерациясы төрағасының бірінші орынбасары Мұхтар Тінікеев жауап берді. «Сөзсіз бұл – еңбек құқығының бұзылғанын білдіреді. Өздеріңіз білетіндей, Еңбек кодексіне түзетулер енгізіліп, оның 138-бабының 2-ші тармағында «жұмыс беруші қашықтан еңбек ететін қызметкерлерін қажетті байланыс құралдарымен қамтамасыз етуі керектігі» жазылған. Егер қызметкер өзінің байланыс құралдарын пайдаланатын болса, онда жұмыс берушілер сол агрегатқа керекті қосымша құрылғылардың бәрін беруі тиіс. Жұмыс беруші интернет үшін де, электр жарығы үшін де төлеуі керек. Бұл мәселенің бәрі тараптардың келісуімен шешіледі», - деді ол.
Ұқсас жаңалықтар
Татулықтың тұтқасы, бірліктің бесігі
- Бүгін, 15:54
Ақпарат
ЖИ: шетелде қалай, бізде қалай?
- 31 наурыз, 2026
Тұрғындарға тегін құқықтық көмек көрсетілді
- 31 наурыз, 2026
Зейнетақы жинағын мерзімінен бұрын алудың талабы қандай?
- 31 наурыз, 2026
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




