Жаңалықтар
Әлеуметтік медсақтандыру қорының бұрынғы басшына қатысты тергеу басталды
- author «Ақ жол»
- 17 шілде, 2020
- 520
Әлеуметтік медсақтандыру қорының бұрынғы басшына қатысты тергеу басталды
Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорының бұрынғы басшылығы қор қаражатын ұрлау күдігіне ілінді. Бұл туралы ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі 1-ші департаменттің аға тергеушісі Қайсар Баржақсынов айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
«Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет сатып алынатын қызметтердің құнын көтеру арқылы «Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» КЕАҚ-ның қаражатын жымқыру фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеуді бастады. ҚР Қылмыстық іс жүргізу кодексінің 201-бабына сәйкес өзге ақпарат тергеу мүддесі үшін жариялауға жатпайды», - деді ол агенттіктің баспасөз қызметі алаңында өткен брифинг барысында.
Еске сала кетсек, Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың төрағалығымен өткен Үкіметтің кеңейтілген отырысында МӘМС қоры мен «СҚ Фармация» басшыларын жұмыстан шығаруды тапсырған болатын. ҚР Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 10 шілдедегі бұйрығымен берілген өтініш негізінде «Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» КЕАҚ Басқарма төрағасы Айбатыр Жұмағұлов қызметінен босатылды.
Ұқсас жаңалықтар
Жауапкершілікті күшейтетін тарихи мүмкіндік
- 12 наурыз, 2026
101 шаруаға жеңілдетілген несие берілді
- 12 наурыз, 2026
Ақпарат
Нарша
- 2 наурыз, 2026
Жамбылдың жауһар жырлары
- 26 ақпан, 2026
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




