Қола жүлде сегіз жылдан соң иесін тапты
Лондон Олимпиадасының қола жүлдесі арада сегіз жыл өткен соң отандасымыз Дәулет Шабанбайға бұйырды. Айтулы аламанның финалында өзбек балуаны Артур Таймазов пен грузиялық Давид Модзманашвили бақ сынаған еді. Кейіннен рұхсат етілмеген дәрі-дәрмек пайдаланғаны үшін екеуі де жүлдесінен айырылды.
Енді 120 килограмм салмақ дәрежесінде еркін күрестен Олимпиаданың алтын жүлдесі ресейлік Билял Махов пен ирандық Комейл Гасемиге, қола жүлде Дәулет Шабанбай мен америкалық Тервел Длагневке бұйырды. Мұны Халықаралық Олимпиада комитеті растады.
Табиғат Абаилдаев.Ұқсас жаңалықтар
Татулықтың тұтқасы, бірліктің бесігі
- Бүгін, 15:54
Ақпарат
ЖИ: шетелде қалай, бізде қалай?
- 31 наурыз, 2026
Тұрғындарға тегін құқықтық көмек көрсетілді
- 31 наурыз, 2026
Зейнетақы жинағын мерзімінен бұрын алудың талабы қандай?
- 31 наурыз, 2026
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




