Жаңалықтар
Үндістанда коронавирус жұқтырғандар саны 1 млн-нан асты
- author «Ақ жол»
- 17 шілде, 2020
- 179
Үндістанда коронавирус жұқтырғандар саны 1 млн-нан асты
Үндістанда жаңа коронавирус инфекциясын жұқтырғандар саны 1 003 832 адамға жетті, деп хабарлайды ҚазАқпарат Үндістан денсаулық сақтау министрлігінің сайтына сілтеме жасап.
Министрліктің жұма күнгі мәліметтеріне қарағанда, індетке шалдыққандар саны бір тәулікте рекордтық - 34 956 адамға жеткен. Коронавирус инфекциясынан қайтыс болғандар саны соңғы тәулікте 687 адамға көбейіп, 25 602 адам болған. Ауруханаларда 342 473 науқас ем алып, 635 757 адам сауығып шықты. Ведомствоның хабарлауынша, елде ауруға шалдыққандар саны жағынан батыстағы Махараштра штаты (284 281 адам) көш бастаса, екінші орында Тамилнад (156 369 адам) және Дели (118 645 адам) тұр.
Ұқсас жаңалықтар
Жамбылдық орманшы отқа оранған көліктен 4 адамды аман алып шықты
- 23 қыркүйек, 2024
Ақпарат
АЭС салсақ - электр энергиясын экспорттаймыз
- 22 қыркүйек, 2024
Қазір қолдағы телефонға да қуат керек заман - Қадырбеков
- 22 қыркүйек, 2024
Алматылық қос азаматтың жазасы жеңілдетілді
- 30 тамыз, 2024
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді