Аралас жекпе-жектен әлемнің ең беделді ұйымы UFC-де дебюттік шайқасын өткізуге мүмкіндік алған қазақстандық спортшы Жалғас Жұмағұлов бразилиялық оғлан Раулиан Пайваға қарсы сегізбұрышқа шықты. Аса жеңіл салмақ дәрежесіндегі кездесу жоспарланған үш раундқа созылды. Бірінші раундтың бастапқы бөлігінде бразилиялықтың басымдығы байқалды. Алайда кезең ортасынан ауған шақта Жалғас Жұмағұлов жекпе-жек тізгінін қолға алып, өзінің осал еместігін байқата білді. Мұндай шайқастарда раунд соңында басым болған спортшылар ұпай саны бойынша есепте алда тұратын. Екінші раундты Жалғас ойдағыдай бастады. Қарсыласына қарағанда белсенді болғаны сөзсіз. Раундтың соңын да ойдағыдай аяқтады. Тіпті әдемі тейкдаун да жасап үлгерді. Бұл кезеңде Жалғастың басым болғанына ешкім күмән келтірмесі анық. Өйткені ол барын салып бақты. Үшінші раундта екі спортшы да аянып қалған жоқ. Алайда бразилиялық аралас жекпе-жек шебері рұхсат етілмеген соққы жұмсап үлгерді. Аз ғана үзілістен кейін Жалғас қайтадан белсенді түрде іске көшті. Тағы да тейкдаун жасап кетті. Алайда төрешілер шешімі жанкүйерлерді таң қалдырды. Олар 29:28 есебімен бразилиялық жеңіске жетті деген шешім шығарды. Төрешілердің осы бір шешімі жанкүйерлердің де, сарапшылардың да тарапынан түсінбеушілік туындатты. Әлемдік деңгейдегі сарапшылардың басым бөлігі қазақстандық спортшының жеңіске жеткенін айтып жатты. Қазақстандық аралас жекпе-жек шебері Шавкат Рахмонов та отандасымыздың жеңіске жеткеніне сенімді. «Біздің бәріміз Жалғас жеңіске жетті деген пікірдеміз. Бразилиялық спортшы бірінші нөмірмен жұмыс істегісі келді. Алайда Жалғас дәлдік жағынан басым түсті. Жеңісті бразилиялыққа тек қана белсенді болуға тырысқаны үшін берген шығар», – дейді ол.
Ұқсас жаңалықтар
Әйгерім Сәттібаеваны жамбылдықтар құрметпен күтіп алды
- 25 қазан, 2025
Қазақтың туы болған Қосы батыр
- 21 қазан, 2025
Ақпарат
Шаруалардың маңдай тері ақталатын күн жақын
- 25 қыркүйек, 2025
Әлемде транзит үшін бәсеке күшейіп бара жатыр – Тоқаев
- 8 қыркүйек, 2025
Цифрландыру пойыздың кешікпеуіне көмектесе ме?
- 21 тамыз, 2025
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




