Жаңалықтар
42500.enbek.kz порталы осы жұмадан бастап қайта іске қосылады
- author «Ақ жол»
- 14 шілде, 2020
- 521
42500.enbek.kz порталы осы жұмадан бастап қайта іске қосылады
42500.enbek.kz порталы қайта жұмысын бастайды. Бұл туралы ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Біржан Нұрымбетов айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат .
Орталық коммуникациялар қызметіндегі брифинг барысында министр шілде айына берілетін 42 500 теңге әлеуметтік төлемді тағайындау үшін қандай порталдар жұмыс істейтіндігін айтып берді.
«Өткендегідей 42500.enbek.kz порталы, электронды үкімет порталы жұмыс істейді. Өзін-өзі жұмыспен қамтыған жеке тұлғаларға телеграм-боттар да қызмет көрсетеді. Бұлардың барлығы жұма күннен бастап іске қосылады. Оған қосымша Каспи банк пен Халық банк те біздің портал секілді интернет-ресурсты іске қосып, халықтан өтініш қабылдауға ниет білдірді. Оны да іске асырсақ, сіздерге ол туралы бейсенбі күні жария етеміз», - деді Біржан Нұрымбетов.

Ұқсас жаңалықтар
Татулықтың тұтқасы, бірліктің бесігі
- Бүгін, 15:54
Ақпарат
ЖИ: шетелде қалай, бізде қалай?
- 31 наурыз, 2026
Тұрғындарға тегін құқықтық көмек көрсетілді
- 31 наурыз, 2026
Зейнетақы жинағын мерзімінен бұрын алудың талабы қандай?
- 31 наурыз, 2026
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




