Жаңалықтар
Өзін жұмыспен қамтығандар 42 500 теңге алу үшін тағы да бірыңғай жиынтық төлем төлемейді
- author «Ақ жол»
- 14 шілде, 2020
- 464
Өзін жұмыспен қамтығандар 42 500 теңге алу үшін тағы да бірыңғай жиынтық төлем төлемейді
зін жұмыспен қамтығандар 42 500 теңге алу үшін тағы да бірыңғай жиынтық төлем төлей ме? Бұл сауалға ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Біржан Нұрымбетов жауап берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
«Өзін-өзі жұмыспен қамтып жүрген азаматтар өткен жылы 42 500 теңге алу үшін барлығы бірыңғай жиынтық төлем төледі. Бұл жолы ондай БЖТ төлеудің қажеттілігі болмайды. Ондай талап қоймаймыз. Өткенде төледіңіз, сол жеткілікті болады. Ол мәліметтер бізде бар. Сондықтан бұл жолы өтініштеріңізді бересіздер. Бірыңғай жиынтық төлемді ай сайын төлеп жүргендерге сұрақ жоқ. Ал енді төтенше жағдай кезінде бір рет төлем жасағандарды біз өз тарапымыздан жүйелер арқылы тексеріп аламыз»,- деді министр Орталық коммуникациялар қызметіндегі брифинг барысында.
Оның атап өтуінше, бұл ретте аталған санаттағы азаматтардың Жұмыспен қамту орталықтары арқылы жұмысқа орналасуы, зейнетақы, жәрдемақылар алуы тексеріледі.
Ұқсас жаңалықтар
Жауапкершілікті күшейтетін тарихи мүмкіндік
- 12 наурыз, 2026
101 шаруаға жеңілдетілген несие берілді
- 12 наурыз, 2026
Ақпарат
Нарша
- 2 наурыз, 2026
Жамбылдың жауһар жырлары
- 26 ақпан, 2026
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




