Жаңалықтар
«Birgemiz: Úmit» жобасына волонтерлерді қабылдау басталды
- author «Ақ жол»
- 14 шілде, 2020
- 528
«Birgemiz: Úmit» жобасына волонтерлерді қабылдау басталды
Қазақстанда «Birgemiz: Umit» жалпыұлттық жобасына волонтерлерді қабылдау басталды. Волонтерлер жоғалған адамдарды іздеу, зілзала қауіп-қатерін азайту, табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлардың салдарын жоюға көмектеспек, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Жоба Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің қолдауымен «Азаматтық бастамаларды қолдау орталығы» КЕАҚ мемлекеттік гранты шеңберінде іске асырылады.
16 жастан асқан кез келген адам мына бағыттар бойынша топқа қосылып, волонтер бола алады:
• адамдарды іздеу,
• шұғыл медициналық көмек көрсету,
• табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлардың салдарын жою және апат тәуекелдерін азайту жөніндегі жобаларға қатысу.
«Ұжымға мүше болу үшін жоба ұйымдастырушыларына @league_volunteers Instagram парақшасына хат жазып немесе +7 707 597 3421 нөміріне қоңырау шалуға болады» дейді «Волонтерлер лигасы» ұйымының баспасөз қызметі.

Ұқсас жаңалықтар
Жауапкершілікті күшейтетін тарихи мүмкіндік
- 12 наурыз, 2026
101 шаруаға жеңілдетілген несие берілді
- 12 наурыз, 2026
Ақпарат
Нарша
- 2 наурыз, 2026
Жамбылдың жауһар жырлары
- 26 ақпан, 2026
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




