Жаңалықтар
Карантинге байланысты жұмысы тоқтаған жеке кәсіпкер 42 500 теңге ала ма?
- author «Ақ жол»
- 14 шілде, 2020
- 149
Карантинге байланысты жұмысы тоқтаған жеке кәсіпкер 42 500 теңге ала ма?
Төтенше жағдай кезінде жұмыс істеп жүріп, 42 500 теңге әлеуметтік төлем алған 40 мыңға жуық жеке кәсіпкер анықталды. Бұл туралы ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Біржан Нұрымбетов айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
«Жеке кәсіпкерлер де өткен жолғыдай өтініш беруі керек. Олардан да біз міндетті зейнетақы, әлеуметтік жарна төленгенін талап етпейміз. Өйткені, өткен жолы оны түсіндік. Көп кәсіпкерлер жылына бір мәрте төлейді. Біреулерінің жұмысы тоқтап тұр. Сондықтан ондай талап қоймаймыз. Дегенмен, бір ғана тексеріс болады. Аудан, қаладағы штабтар, «Атамекен» өкілдері сол кәсіпкердің жұмысы шектеуге қатысты тоқтағанын не тоқтамағанын біздің жүйемізге кіріп, белгілейді»,- деді министр Орталық коммуникациялар қызметіндегі брифинг барысында.
Оның атап өтуінше, бұған қоса салық органдары да жеке кәсіпкердің жұмыс істеп жатқандығын немесе шектеуге байланысты тоқтап тұрғанын растайтын болады.
«Өткен жолы 42 500 теңге төлегенде 40 мыңға жуық жеке кәсіпкер әлеуметтік төлем алған. Бірақ, салық органдарының мәліметі бойынша жұмысы тоқтамағаны анықталған еді. Сондықтан оларға екінші айға төлем берілмеген болатын», -деді Біржан Нұрымбетов.
Ұқсас жаңалықтар
Сот саласындағы мемлекеттік тілдің маңыздылығы
- 17 қазан, 2024
Қағазбастылықтан арылтып, қолжетімділікті арттыруда
- 17 қазан, 2024
Ақпарат
Референдумнан қордайлықтар да қалыс қалмауда
- 6 қазан, 2024
АЭС салсақ - электр энергиясын экспорттаймыз
- 22 қыркүйек, 2024
Қазір қолдағы телефонға да қуат керек заман - Қадырбеков
- 22 қыркүйек, 2024
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді