Жаңалықтар
Денсаулық сақтау министрі өңір әкімдіктерінен ауруханаларды медициналық оттегімен қамтуды сұрады
- author «Ақ жол»
- 14 шілде, 2020
- 488
Денсаулық сақтау министрі өңір әкімдіктерінен ауруханаларды медициналық оттегімен қамтуды сұрады
Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой өңір әкімдіктерінен ауруханаларды медициналық оттегімен қамтуды сұрады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
«Болжамға сәйкес 8 487 төсек орын немесе дайындалған жалпы төсек орындарының 20 пайызы – оксигенотерапиямен қамтылуы керек. Қазіргі уақытта барлық өңірде оттегі мен оттегі концентратын шығаратын жергілікті өндірушілер бар. Осыған байланысты өңір әкімдіктеріне жаңадан дайындалған төсек орындарды медициналық оттегімен қамтамасыз етуді сұраймын», - деді Алексей Цой Үкіметтің отырысында. Еске сала кетсек, бұған дейін Алексей Цой Қазақстан өкпені жасанды желдетудің 4 мыңнан астам аппаратын сатып алған жағдайда ең қиын сценарийдің өзіне дайын болатынын мәлім еткен еді.Ұқсас жаңалықтар
Татулықтың тұтқасы, бірліктің бесігі
- Бүгін, 15:54
Ақпарат
ЖИ: шетелде қалай, бізде қалай?
- 31 наурыз, 2026
Тұрғындарға тегін құқықтық көмек көрсетілді
- 31 наурыз, 2026
Зейнетақы жинағын мерзімінен бұрын алудың талабы қандай?
- 31 наурыз, 2026
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




