Жаңалықтар
Қашықтан оқу форматына қарамастан оқушылар оқулықтармен қамтылады
- author «Ақ жол»
- 14 шілде, 2020
- 487
Қашықтан оқу форматына қарамастан оқушылар оқулықтармен қамтылады
Қашықтан оқитынына қарамастан әр оқушының қағаз түріндегі оқулығы болуы керек. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен онлайн-брифингте ҚР Білім жәнем ғылым министрі Асхат Аймағамбетов айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
«Біз оқулық жеткізу және басып шығару бойынша жұмыстар жүргіздік. Қашықтан оқу форматына қарамастан оқушыларды оқулықпен қамтамасыз етеміз. Бұл өте маңызды. Қашықтан оқитынына қарамастан әр оқушының қағаз түріндегі оқулығы болуы керек», - дейді Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов.
Министрдің айтуынша, бүгінгі күні жаңа оқулықтарды аймақтарға жөнелту жұмыстары басталды.
«Былтыр жыл соңында шығарылған оқулықтарды да тамыз айынан бастап өңірлерге жібереміз. Адамдар көп жиналып қалмайтындай етіп ұйымдастырамыз. Арнайы кесте қойылып, қажет жерде әріптестеріміз, волонтерлер көмектесетін болады. Эпидемиологиялық жағдайға кері әсер етпейтіндей етіп жұмыс істейміз», - дейді ол.Ұқсас жаңалықтар
Татулықтың тұтқасы, бірліктің бесігі
- Бүгін, 15:54
Ақпарат
ЖИ: шетелде қалай, бізде қалай?
- 31 наурыз, 2026
Тұрғындарға тегін құқықтық көмек көрсетілді
- 31 наурыз, 2026
Зейнетақы жинағын мерзімінен бұрын алудың талабы қандай?
- 31 наурыз, 2026
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




