Азия ойындарына елімізден 420 спортшы аттанбақ
- author «Ақ жол»
- 11 қыркүйек, 2014
- 824
19 қыркүйек күні Оңтүстік Кореяның Инчхон қаласында жазғы Азия ойындарының жалауы желбірейді. Аталмыш додаға елімізден 420 спортшы қатысатын болды. Бұл жөнінде еліміздің мәдениет және спорт министрлігі спорт және дене шынықтыру комитеті ресми хабарлама жасады. Қазақстан спортшылары Инчхондағы Азия ойындарында спорттың отыз тоғыз түрі бойынша сынға түседі. Азиаданың ашылу салтанатында Қазақстан туын Лондон олимпиадасының күміс жүлдегері Әділбек Ниязымбетов ұстап шығады. 2010 жылы Қытайдың Гуанчжоу қаласында өткен Азия ойындарында Қазақстан 18 алтын, 23 күміс, 38 қоламен жалпы есепте Қытай, Жапония, Корея, Ираннан кейінгі бесінші орынды алған. Бұл жолы үздік төрттікке ену мақсат ретінде қойылып отыр.
Табиғат АБАИЛДАЕВ, «Ақ жол».
Ұқсас жаңалықтар
Шу ауданында 305 спорт нысаны жұмыс істейді
- 28 сәуір, 2026
Шу ауданында жаңа спорт кешені ашылды
- 22 сәуір, 2026
Ақпарат
ЖИ: шетелде қалай, бізде қалай?
- 31 наурыз, 2026
Тұрғындарға тегін құқықтық көмек көрсетілді
- 31 наурыз, 2026
Зейнетақы жинағын мерзімінен бұрын алудың талабы қандай?
- 31 наурыз, 2026
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




