Қазақстан футбол федерациясында тағы да ауыс-түйіс
- author «Ақ жол»
- 10 қыркүйек, 2014
- 715
Бүгін Қазақстан футбол федерациясының Астанадағы кеңсесінде Лига кеңесі өтіп, онда Кәсіпқой футбол лигасының төрағасы Михаил Гурманның отставкаға кетуі қабыл алынды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz.
Лига кеңесі еліміздің Кәсіпқой футбол лигасының төрағасы Михаил Гурманның отставкаға кету жөніндегі өтінішін орындаған. Қазақстан футбол федерациясының ресми түрдегі мәлімдемесі бойынша М.Гурман денсаулығына байланысты қызметінен босатуларын өтінген екен. Өз кезегінде Лига кеңесі М.Гурманға атқарған жұмыстары үшін алғыс білдірді.
Сөйтіп, Кәсіпқой футбол лигасының төрағасы Лига кеңесінің шешімімен өз қызметін мерзімінен бұрын тәмамдайтын болды. Енді Лига кеңесі бұл лауазымды қызметке Олжас Абраевтың кандидатурасын ұсынып отыр. Лига кеңесінің ережесі бойынша бұл қызметке жаңа басшыны ҚФФ-ның Атқару комитеті бекітуі керек екен.
Ал 1984 жылы 22 желтоқсанда дүниеге келген Олжас Абраев биыл Қазақстан футбол федерациясының вице-президенті болып тағайындалған. 2012 жылдан бері ҚФФ-ның Атқарушы директоры болған.
Ақпарат көзі Tengrinews.kz
Ұқсас жаңалықтар
Шу ауданында 305 спорт нысаны жұмыс істейді
- 28 сәуір, 2026
Шу ауданында жаңа спорт кешені ашылды
- 22 сәуір, 2026
Ақпарат
ЖИ: шетелде қалай, бізде қалай?
- 31 наурыз, 2026
Тұрғындарға тегін құқықтық көмек көрсетілді
- 31 наурыз, 2026
Зейнетақы жинағын мерзімінен бұрын алудың талабы қандай?
- 31 наурыз, 2026
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




