Біздің боксшылар Қырғызстанға оқу-жаттығу жиынына аттанды
- author «Ақ жол»
- 9 қыркүйек, 2014
- 527
Бокстан облыстың құрама командасы Қырғызстанға оқу-жаттығу жиынына аттанды. Команданы қырғыз еліне бастап баратын команданың аға жаттықтырушысы Мұхтар Бердімбетов бұл жиынның екі жаққа да тиімді екенін айтады. «Боксшылар үшін қырғыз елінде өтетін оқу-жаттығу жиынының маңызы орасан зор болмақ. Біріншіден былғары қолғап шеберлеріміз алдағы айтулы додалар алдында өздерінің физикалық-функционалдық дайындықтарын пысықтаса, екіншіден тәжірибе алмасады. Азия біріншілігіне дайындалып жатқан қырғыз елінің бапкерлері оқу-жаттығу жиынына нөмірі бірінші спортшыларын қатыстыруды жоспарлап отыр. Бұл дегеніміз біздің өңірдің боксшыларының қарымын тағы бір мәрте байқап көретін сәт деген сөз. Алда кубок жолындағы Алматы облысының құрамасымен өтетін кездесу бар екенін ескерсек, қырғыз елінде жүріп те, қай боксшыларымыздың қай деңгейде екенін бір мәрте пысықтап алуға болады» дейді аға жаттықтырушы. Астана мен Орал өңірлерінің былғары қолғап шеберлерінен айласын асырған біздің облыстың боксшылары жартылай финалда оңай қарсыласқа түсіп отырған жоқ. Құрамында әлем чемпионы Жәнібек Әлімханұлы секілді боксшылары бар Алматы облысының құрамасын жеңу үшін аянбай тер төгу керек екені мәлім. Мұхтар Бердімбетов мұны қаперден шығармайтынын сөз етті. Әдетте, мықты елдердің боксшыларымен оқу-жаттығу жиындары өткен кезде сол мемлекеттің нөмірі бірінші боксшыларының бірқатары қатыспай қалған кездер жиі ұшырасқан. Облыстың құрама командасы қырғыз елімен бірлескен жаттығу барысында «нөмірі бірлердің» қарымын байқайтын мүмкіндікке ие. Ол, әрине, біздің жігіттерді қамшылай түсері сөзсіз.
Табиғат АБАИЛДАЕВ, «Ақ жол».
Ұқсас жаңалықтар
Әйгерім Сәттібаеваны жамбылдықтар құрметпен күтіп алды
- 25 қазан, 2025
Қазақтың туы болған Қосы батыр
- 21 қазан, 2025
Ақпарат
Шаруалардың маңдай тері ақталатын күн жақын
- 25 қыркүйек, 2025
Әлемде транзит үшін бәсеке күшейіп бара жатыр – Тоқаев
- 8 қыркүйек, 2025
Цифрландыру пойыздың кешікпеуіне көмектесе ме?
- 21 тамыз, 2025
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




