Жақсылық Үшкемпіров швейцариядағы Даңқ залына енді
- author «Ақ жол»
- 9 қыркүйек, 2014
- 569
Ел спортының мерейі халықаралық аренада тағы да шарықтай түсті. Біріккен күрес әлемінің (ФИЛА) Швейцариядағы Даңқ залына Алаш спортының айбынын асырған екі бірдей тұлғамыздың есімі енді. Олардың бірі – грек-рим күресінен Мәскеу олимпиадасының чемпионы жерлесіміз Жақсылық Үшкемпіров болса, екіншісі Вадим Псарев. Иә, қыркүйек айының басы бүкіләлемдік және Қазақстан күресі тарихындағы елеулі күнге айналып отыр. Қазақ елінің мақтанышына айналған тау тұлғаларымыз тарихқа аттарын алтын әріппен жазып жатқаны біз үшін үлкен қуаныш, әрине. Көлденең көк аттының есімі енгізіле бермейтін Даңқ залына ұзын саны 16 азаматтың есімі тіркелді. Олардың үшеуі бапкер, екеуі төреші, төртеуі еркін күрес шебері, үшеуі грек-рим күресінің майталманы, екеуі әйелдер күресінің үздігі, енді екеуі «аңыз» номинациясына енгізілген, әлемге танымал азаматтар. «Әлбетте, бұл еліміз үшін де, өзіміз үшін де үлкен абырой. Ұзақ жылдар бойы грек-рим күресінің дамуына шүмектеп төккен терім өз жемісін берді. Менің ойымша дәл осындай үлкен көлемдегі іс-шаралар ел спортының, оның ішінде күрестің дамуына, болашағының жарқын болуына өз септігін тигізе түседі. Қазақ елінің абыройын арттырып, күрестің сан түрінің жүгін арқалап жүрген жас оғландарға үлкен табыстар тілеймін», – депті Мәскеу олимпиадасында алтыннан алқа тағынған Жақсылық Үшкемпіров салтанатты рәсімнен кейін. Талай қиындықтарды, әділетсіздіктерді көрсе де, еш мойымай, жаттығу залын тастап кетпей, өзінің сүйікті спортынан олимп шыңын бағындырған жерлесіміз Жақсылық Үшкемпіровтің Даңқ залына енгеніне біз де қуаныштымыз.
Табиғат АБАИЛДАЕВ, «Ақ жол».
Ұқсас жаңалықтар
Әйгерім Сәттібаеваны жамбылдықтар құрметпен күтіп алды
- 25 қазан, 2025
Қазақтың туы болған Қосы батыр
- 21 қазан, 2025
Ақпарат
Шаруалардың маңдай тері ақталатын күн жақын
- 25 қыркүйек, 2025
Әлемде транзит үшін бәсеке күшейіп бара жатыр – Тоқаев
- 8 қыркүйек, 2025
Цифрландыру пойыздың кешікпеуіне көмектесе ме?
- 21 тамыз, 2025
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




