Табысты өмірдің кілті
«Ісім оңсын десеңіз, сол істің маманы болыңыз» деген екен әлемнің екінші ұстазы, ойшыл Әбу Насыр әл-Фараби. Расымен өзіңе де, өзгеге де пайдаң тиер, келешекте ел тізгінін ұстар білімді де білікті маман болу үшін адамзатқа не керек? Қандай да бір жетістікке жетуге, арманның асқар шыңына шығуға алдымен қажырлы еңбек пен темірдей төзім қажет екені баршаға аян. Оған қоса, бойымызды билеген құлықсыздық пен жалқаулықтан айырылып, болашағы бар мамандықтарды игермейінше кейбіріміздің «жұмыссызбын» деп әлі біраз сандаларымыз да хақ.
«Бақпен асқан патшадан,
Мимен асқан қара артық.
Сақалын сатқан кәріден,
Еңбегін сатқан бала артық», деген Абай. Осы бір мағынасы түпсіз тереңде жатқан өлеңдегідей, қай саланы таңдасақ та, әуелі оның қалтаға ұрар пайдасын емес, қоғамға тиер пайдасын ойласақ, бақ та, береке де орнайды. Ал ондай жетістік міндетті түрде үлкен мақсатты, талмас қанатты, қайратты талап етері сөзсіз. Сол себепті қазіргі жастарымыз табыс табудың оңай жолын іздеймін деп, уақыт оздырғанша, жанына жақын мамандығын шатаспай таңдаса дегім келеді.
Тұнық Сейітқызы,
Райымбек Смаилов атындағы орта мектептің 10-сынып оқушысы.
Қайыңды ауылы,
Т.Рысқұлов ауданы.
Ұқсас жаңалықтар
Жамбылдық орманшы отқа оранған көліктен 4 адамды аман алып шықты
- 23 қыркүйек, 2024
Ақпарат
АЭС салсақ - электр энергиясын экспорттаймыз
- 22 қыркүйек, 2024
Қазір қолдағы телефонға да қуат керек заман - Қадырбеков
- 22 қыркүйек, 2024
Алматылық қос азаматтың жазасы жеңілдетілді
- 30 тамыз, 2024
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді