Жүктілікке даярлық
Көптеген АИТВ-мен (адамның иммун тапшылығы вирусы) өмір сүруші әйелдер бала сүйгісі келеді, әсіресе егер олар аналық бақытты әлі сезінбеген болса. Жаңа өмір сыйлау және өз тұқымын жалғастыру – әрбір әйелдің таңдауы және құқығы. Ана болам деп шешім қабылдай отырып, өзінің болашақ нәрестесінің өміріне және денсаулығына әрбір әйел жауапкершілік артады. Әрине, сізде ойландыратын сұрақтар туындайды және мазалайды да. Егер сіз бала туам деп шешім қабылдасаңыз, болжалды жүктілікке дейін бірнеше ай бұрын дәрігерге көрініп (акушер-гинеколог) және оған өзіңіздің жоспарларыңызды айтқаныңыз жөн. Жақсы жоспарланған жүктіліктің анасына да, баласына да артықшылығы көп екенін көрсетеді.
Жүктіліктің АИТВ-инфекциясының өтуіне әсер етуі
Жүктілік кезеңінде ана ағзасының қорғаныш күші әлсірейтіндігі белгілі. Сондықтан бұл табиғи өзгерістер АИТВ-оң жүкті әйелдерде инфекцияның дамуын арттыруы мүмкін деген қауіп туындайды. Дегенмен, жүктілік кезеңінде және босанудан кейінгі кезеңде АИТВ-жұқтырылған әйелдердің жағдайына жүргізілген көпсанды бақылаулар жүкті емес АИТВ-оң әйелдермен салыстырғанда аурудың үдерісінде ешқандай айырмашылық анықталмады. Яғни, жүктілік АИТВ-инфекциясының өтуін нашарлатпайды, тек акушер-гинекологқа және ЖИТС (жұқтырылған иммун тапшылығы синдромы) орталығы дәрігеріне қаралып тұру қажет.
АИТВ-ның анадан балаға берілуі қашан болуы мүмкін?
Егер ешқандай алдын aлy шараларын қолданбаса, АИТВ-ның анадан балаға берілу қаупі 20-дан 45%-ға дейін құрайды. Бұған қоса ең үлкен қауіп – босану кезінде.
Жүктілік кезінде жұқтыру
Жүктілік кезінде ананың қанындағы вирус ұрыққа плацента арқылы өтуі мүмкін. Плацента – бұл ананы және ұрықты байланыстырушы мүше. Плацента арқылы ұрық анасының ағзасынан көмірсу және қоректік заттарды алады, бірақ анасының қаны мен баланың қаны араласпайды. Плацента нәрестені анасының қанында болатын әртүрлі инфекция қоздырғыштарынан, соның ішінде АИТВ-дан да қалыпты қорғайды. Дегенмен, егер құрсақтың зақымдануы және инфекциялық аурулар жағдайында плацента қабынса немесе зақымданса, оның қорғаныш қасиеттері төмендейді. Бұл жағдайда АИТВ-инфекциясы анадан ұрыққа берілуі мүмкін.
Босану кезінде жұқтыру екі жолмен берілуі мүмкін
Босану каналдары бойынша өту барысында (жатыр мойыншығы, қынап) нәрестенің терісі АИТВ бар ананың қанымен және қынап бөліндімен жанасады. Нәрестенің терісінде оның ағзасы арқылы вирус өтуі мүмкін жарақаттар және сыдырылған жер болады.Нәресте босану жолдары арқылы өту кезінде анасының қанын және қынап бөлінділерін жұтуы мүмкін. Бұл жағдайда вирус баланың ағзасына ауыздың шырышты қабаты, өңеш және асқазан арқылы түсуі мүмкін. Емшекпен емізу кезінде жұқтырылу болуы мүмкін: құрамында АИТВ болғандықтан тікелей сүт арқылы, қан арқылы – егер ананың емшек ұшының терісі жарақаттанған болса, онда сүтпен бірге қан кетуі мүмкін, ал бұл нәресте үшін қосымша қауіп. АИТВ-ның емшек сүті арқылы берілу қаупі 12-ден 20%-ға дейін, сондықтан тамақтандыру үшін аналардың балаларды емізуі ұсынылмайды. Сізге балаға арналған тегін сүт қосындылары беріледі.
АРВ препараттарын жүктілік кезінде қолдану
14-ші аптадан ерте басталмайды, себебі ұрық осы уақытқа дейін сыртқы әсерлерге өте осал келеді. Егер АИТВ-инфекциясы анағұрлым кеш мерзімде анықталған жағдайда, (диагноз анықталған сәттен бастап) препараттарды қабылдау барынша ертерек басталады.
Босану кезінде АРВ-препараттарын қолдану
Алдын алу шаралары ойдағыдай нәтиже беру үшін, яғни, сіздің болашақ балаңыздың дені сау болып туылуы үшін дәрі-дәрмекті уақтылы қабылдау өте маңызды. Егер сіз бұл тәртіпті бұзатын болсаңыз (дозаны жиі өткізсеңіз, берілген мөлшерден аз қабылдасаңыз немесе препаратты қабылдаудың интервалдарын сақтамасаңыз) балаға вирустың берілу қаупі артады.
АРВ-препараттарының болашақ балаға қолданылуы
Бұл кезең туылғаннан 6 сағаттан кейін басталады. Ретровир немесе невирапин шәрбаты қолданылуы мүмкін. Егер жүктілік және босану кезеңінде АРВ терапия жүргізілмесе және жаңа туылған сәттен бастап туылғаннан кейінгі бірінші тәулікте алдын алу жүргізілмесе, онда кешірек бастаудың мәні жоқ. Алдын алу шаралары сіздің қалағаныңыздай нәтиже беруі үшін, яғни балаңыздың дені сау болуы үшін, дәрі-дәрмектерді қабылдау режимін сақтау өте маңызды. Егер сіз бұл режимді бұзсаңыз (дозасын жиі өткізіп алу, жазылған дозаны аз қабылдау немесе препараттарды қабылдаудың арасындағы интервалды қадағаламау) вирустың балаға берілу қаупі артады. АИТВ-оң әйелдердің мына төмендегілерге құқығы бар: ананы және баланы АРВ-препараттармен тегін қамтамасыз ету; баланы 1 жасқа дейін тегін тамақпен қамтамасыз ету.
Қанатбек АЖАҚАЕВ,
облыстық жұқтырылған иммун тапшылығы синдромының алдын алу және онымен күрес жүргізу орталығының бас дәрігері.
Ұқсас жаңалықтар
Аманат жүгі абыройға бастайды
- 19 қараша, 2024
Ақпарат
IQanat – жарқын болашаққа бастайтын жоба
- 28 қазан, 2024
Референдумнан қордайлықтар да қалыс қалмауда
- 6 қазан, 2024
АЭС салсақ - электр энергиясын экспорттаймыз
- 22 қыркүйек, 2024
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді