«Бейбітшілік пен келісім» жобасы аясында
Облыс әкімі Бердібек Сапарбаевтың өкімімен бекітілген «Бейбітшілік пен келісім» жобасының аясында құрылған ақпараттық-түсіндіру тобы 12-18 наурыз аралығында Қордай ауданында болып, бірқатар жұмыстар атқарылды. Ұлтаралық татулық пен келісімді сақтау және нығайтуға бағытталған бұл жобаның аудан, әсіресе ауыл тұрғындары үшін тиімділігі зор болды. Жергілікті халықтың бүгінгі тыныс-тіршілігі мен оларды толғандыратын мәселелерді зерделеуге баса назар аударған жұмысшы топ ауданның барлық ауылдық округтерінде болып, қоғамдық қабылдау өткізді. Әртүрлі сала мамандарынан құрылған 5 жұмысшы топ әлеумет, діни және құқық қорғау органдарына қатысты және басқа да қойылған сұрақтарға жауап берді. Жалпы жоба аясында ауданда 384 іс-шара ұйымдастырылып, онда 11901 тұрғын қамтылды.
Өкінішке қарай, елімізде төтенше жағдай жариялануына байланысты жоспарланған бірқатар мәдени-спорттық іс-шаралар қатары қысқарды. Дегенмен топ мүшелері оның орнын ауыл тұрғындарына қоғамдық қабылдаулар жүргізу арқылы толықтырып, әдістемелік көмектер көрсетті.
Бір апта бойы ауданда болған ақпараттық-түсіндіру тобының жұмысы аудан әкімдігінде қорытындыланды. Жоба аясында атқарылған шаралармен танысу үшін облыс әкімінің орынбасары Е.Жылқыбаев арнайы келіп қатысты. Жиын барысында әр жұмысшы топтың жетекшісі атқарылған жұмыстар туралы есеп берді.
Облыс әкімдігі ішкі саясат басқармасының басшысы Д.Бейсенқұлов бірінші топ бойынша атқарылған жұмыстармен таныстырды.
Ұлтаралық келісім құндылықтарын насихаттауға, этносаралық қақтығыстардың алдын алуға және реттеуге бағытталған ақпараттық-түсіндіру тобының мүшелері 15 ауылдық округте болып 4813 тұрғынды қамтыған 197 іс-шара өткізіп, 71 адамға кеңес түрінде көмек берілген.
Облыстық Қазақстан халқы Ассамблеясы тарапынан Масаншы, Сортөбе, Ауқатты, Қаракемер, Қайнар, Қордай ауылы тұрғындарымен 6 кездесу, сондай-ақ дүнген этносының көшбасшыларымен және этномәдени бірлестік құрылымдары мүшелерімен сұхбаттар ұйымдастырылып, әлеуметтік сауалнама алынған.
«Әлеуметтік-тұрмыстық мәселелерді шешу» деп аталатын жобаның екінші бағытындағы топ мүшелері де тұрғындардың бірқатар мәселелерін шешуге атсалысқан. Барлығы 76 іс-шара өткізіліп, оған 550 адам қатысып, қоғамдық қабылдауға келген 124 азаматтың мәселесін шешуге көмек көрсеткен.
Атап айтқанда, Қақпатас ауылының тұрғыны Ж.Кожаметоваға атаулы әлеуметтік көмек тағайындау және жолдасын жұмысқа орналастыру мәселесі шешілген. Жолдасы халықты жұмыспен қамту орталығы арқылы жұмысқа тартылып, ай сайын 6599 теңге АӘК тағайындалды және кәмелеттік жасқа толмаған 3 баласы кепілдендірілген әлеуметтік топтамамен қамтылды.
Жамбыл ауылының тұрғыны А.Давлетниязованың да атаулы әлеуметтік көмек тағайындау және жолдасын жұмысқа орналастыру жөніндегі өтініші де жерде қалмады. Жолдасы жеке кәсіпкерлік нысанға жұмысқа орналастырылып, ай сайын 58541 теңге атаулы әлеуметтік көмек тағайындалған және кәмелеттік жасқа толмаған 4 баласы кепілдендірілген әлеуметтік топтамамен қамтылды.
«Еңбек» бағдарламасы аясында да түсіндіру жұмыстары жүргізіліп, қысқа мерзімді кәсіптік оқуға – 5, ақылы қоғамдық жұмыстарға – 3, жастар практикасына – 2, әлеуметтік жұмыс орындарына 4 тұрғын тартылып, 15 азаматқа шағын несие және жаңа бизнес-идеяларды іске асыруға арналған мемлекеттік гранттар беру бойынша кеңестер берілген.
Білім саласы бойынша 9 ауылдық округтағы 10 елді мекенде педагогтермен және ата-аналармен кездесулер өткізілді. Өзге ұлт өкілдері жиі шоғырланған ауылдарда өткен басқосулар барысында 2020-2021 оқу жылынан бастап 1-сыныптардың барлығы мемлекеттік тілде оқытылатыны хабарланды.
Осыған орай, Тіл орталығының ұйымдастыруымен мектеп базаларында қазақ тілін жеделдетіп оқытатын курстар ашылып, оны жүргізуге білікті 40 пән мұғалімі тартылған.
Бизнесті дамытуға бағытталған үшінші бағыттағы топ бес күннің ішінде 14 елді мекенде (Қордай, Отар, Кенен, Алға, Степной, Жамбыл, Бетқайнар, Жаңатұрмыс, Қақпатас, Беріктас, Қалғұты, Масаншы, Сортөбе, Аухатты) 428 адам қатысқан 35 іс-шара өткізіліп, өңірде мемлекет тарапынан кәсіпкерлікке көрсетіліп жатқан қолдаулар туралы хабардар етті.
Бесінші бағыттағы құқық қорғау органдары қызметкерлерінен құрылған топ 17 ауылдық округте болып, 1500-ден астам тұрғынды қабылдап, бірқатар проблемаларды анықтады.
Жалпы ақпараттық-түсіндіру топ жетекшілері жұмыс жүргізу барысында тек проблемаларды анықтау ғана емес, оның шешу жолдарын да ұсынды. Облыс әкімінің орынбасары Е.Жылқыбаев тұрғындар тарапынан көтерілген мәселелер аясында арнайы іс-шаралар жоспары жасақталып, облыс әкіміне ұсынылатындығын атап өтті.
Фариза Қорабай,
журналист.
Қордай ауданы.
Ұқсас жаңалықтар
Серіктестікке серпін берген сапарлар
- 23 қараша, 2024
Халықтық сайлау: тиімділік пен мүмкіндік
- 21 қараша, 2024
Ақпарат
Жамбылда заңсыз берілген жер учаскелері қайтарылды
- 25 желтоқсан, 2024
Жамбыл облысы: гранттар арқылы оң өзгерістер жасаудың жаңа мүмкіндіктері
- 25 желтоқсан, 2024
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді