Якопо Гуарнери кезекті кезеңде мәре сызығын үшінші болып кесті
Әйгілі «Турде Франс» велокөпкүндігінен кейінгі дуы басым додалардың бірі «Вуельта» саналады. Деңгейі жоғары көпкүндікте қазақ елінің намысын қорғайтын велошабандоздарымыздың әрдайым биіктен көрініп жүргені аян. «Астана» кәсіпқой велоклубының өкілдері әрқашан командалық тактиканы дұрыс қолдану арқылы көшбасшыларға барлық мүмкіндікті жасап жүр.
«Вуельта» көпкүндігінде біздің шабандоздар мардымды нәтижеге қол жеткізуде. Логроньо ауданының аймағын қамтыған 166 шақырымдық 12 кезеңде «Астана» велоклубының шабандозы Якопо Гуарнери мәре сызығын үшінші болып кесті. Бұған дейін команданың италиялық өкілі Фабио Ару да жақсы нәтижелер көрсеткен болатын. Ал жарыстың өзіне келетін болсақ, қазіргі кездегі көрсеткіш бойынша Альберто Контадор (Испания, «Tinkoff-Saxo») көш бастап келеді. Кантадордан жиырма секунд кейін тұрған Алехандро Вальверде (Испания, «Movistar») екінші орынға тұрақтаса, Ригоберто Уран (Колумбия, «Omega Pharma — Quick-Step») үздік үштікті қорытындылап тұр. Астаналықтар сапынан италиялық Фабио Ару әзірге жетінші сатыға жайғасты. Алдағы уақыттағы кезеңдерде Фабио Ару да, Якопо Гуарнери де жоғары орындар үшін ғана талас жүргізеді. Өйткені таулы қыраттарда осы велошабандоздардың бәсі жоғары. Қалай болған күнде де көпкүндікте жеңіске жетуге тырысады. Кезінде Александр Винокуровтың да, Андрей Кивелевтің де соңғы кезеңдерде жарқырап шығатынын байқайтынбыз. Демек, біздің команданың жігіттері бір бармағын ішке бүгіп отыр.
Табиғат АБАИЛДАЕВ, «Ақ жол».
Ұқсас жаңалықтар
Аймақ абыройын асқақтатқан жампоздар
- 7 қаңтар, 2025
Жуалыда жаңа спорт кешені ашылды
- 30 желтоқсан, 2024
Ақпарат
Жамбыл облысында 49 инвестициялық жоба жүзеге асырылды
- 13 қаңтар, 2025
Білім беру ошағы пайдалануға берілді
- 31 желтоқсан, 2024
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді