Білімдіден шыққан сөз Талаптыға болсын кез. Нұрын, сырын көруге Көкiрегінде болсын көз.
Жүрегі — айна, көңiлі — ояу, Сөз тыңдамас ол баяу. Өз өнері тұр таяу, Ұқпасын ба сөзді тез?
Әблет басқан елерме, Сөзге жуық келер ме? Түзу сөзге сенер ме, Түзелмесін білген ез?
Айтшы-айтшылап жалынар, Ұққыш жансып шабынар. Ұқпай жатып жалығар, Ұйқылы-ояу бойкүйез.
Жас баладай жеңсік қой, Байлаулы емес ақыл, ой, Ойлағаны — айт пен той, Ыржаң-қылжаң ит мінез.
Сұлу қыз бен я батыр Болмаған соң, тәңірі алғыр, Шығып кетер, я қалғыр, Оған ақыл — арам без.
Жақсыға айтсаң, жаны еріп, Ұғар көңіл шын беріп, Дертті ішіне ем көріп, Неге алтынды десін жез.
Ой, тәңір-айшыл кер есек, Қулық, сұмдық не өсек. Болмаған соң, бір есеп — Мейлі қамқа, мейлі бөз.
1. Бойкүйез – мойынды бұрғызбай кейде арқадан сірестіріп ұстап қалатын ауру. Бойкүйез – бұл жерде мінез суретіҰқсас жаңалықтар
Жауапкершілікті күшейтетін тарихи мүмкіндік
- 12 наурыз, 2026
101 шаруаға жеңілдетілген несие берілді
- 12 наурыз, 2026
Ақпарат
Нарша
- 2 наурыз, 2026
Жамбылдың жауһар жырлары
- 26 ақпан, 2026
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




