Облыстық «Знамя труда» газетінің 95 жылдық мерейтойына орай Конституция күні қарсаңында аталмыш басылым мен «Жамбыл спорт» газеттерінің бірлесе ұйымдастыруымен шағын футболдан турнир болып өтті. Аталмыш жарысқа қатысқан командалар арасында БАҚ өкілдері де белсенді ойын көрсете білді. Айналмалы жүйе бойынша өткізілген додада қарсыластарының бәрінен басым болған «Знамя труда және БАҚ өкілдері» командасы 1 орынды және кубокты жеңіп алды. Олар ақтық сында «Данди» командасын ойын соңынан кейінгі пенальти бойынша жеңіп кетті. Осылайша, екінші орын «Данди» командасына бұйырса, үшінші орын үшін өткен матчта «Галерея-Юг» командасы «Қазақстан Тараз» телеарнасының ұжымынан басым түсті. Дегенмен, қос командаға да үшінші орынның жүлдесі үлестірілді. Бұл сынға облыстық «Ақ жол» газетінің ұжымы да қатысты. Дода соңында үздік ойыншылар марапаттарға ие болды. Жасыл алаңда жасындай жарқылдаған «Знамя труда және БАҚ өкілдері» командасының ойыншысы әріптесіміз Нұржан Туғанбай бір ойында покер (төрт гол), бір ойында хет трик (үш гол) авторы атанып, үздік шабуылшыға берілетін жүлдені жеңіп алды. Сондай-ақ, үздік қақпашы, үздік қорғаушылар да марапаттан тыс қалған жоқ. Барлық жүлдегерлер мен үздік атанған ойыншыларға қаржылай сыйлық үлестірілді.
Табиғат АБАИЛДАЕВ,
«Ақ жол».
Ұқсас жаңалықтар
Шу ауданында 305 спорт нысаны жұмыс істейді
- 28 сәуір, 2026
Шу ауданында жаңа спорт кешені ашылды
- 22 сәуір, 2026
Ақпарат
ЖИ: шетелде қалай, бізде қалай?
- 31 наурыз, 2026
Тұрғындарға тегін құқықтық көмек көрсетілді
- 31 наурыз, 2026
Зейнетақы жинағын мерзімінен бұрын алудың талабы қандай?
- 31 наурыз, 2026
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




