Жас боксшылар топ жарды
Атырау қаласында бокстан жастар арасындағы Қазақстан чемпионаты өтті. Аталмыш жарысқа еліміздің әр қиырынан 198 спортшы қатысып, жүлделі орындарды сарапқа салды. Бұл додаға біздің облыстан 16 спортшы аттанған болатын. Олар өңір намысын қолдан бермей, жалпыкомандалық есепте бірінші орын иеленіп, мерейімізді тасытып қайтты.
Жамбылдық жастар ел біріншілігінде үш алтын, бір қола жүлдені қоржынымызға салды. 60 килограмм салмақ дәрежесінде шаршы алаңға көтерілген Е.Сүйінбайдың шеберлігі көз сүйсінтті. Бапкер Е.Төлебековтің шәкірті осынау аламанда қарсыластарының барлығынан айласын асырып, біріншілік жеңімпазы атанды. 69 килограмм салмақ дәрежесінде облыс намысын қорғаған С. Бабаханов та жеңістің ең биік тұғырынан көріне білді. Е.Жарқынбековтің шәкірті де жарыс барысында жасындай жарқырағанын айта кеткен жөн. Үшінші алтын жүлдені 75 килограмм салмақтағы оғланымыз Д.Молжігітов иеленді. Н. Қондыбаев жаттықтыратын жампоз өзінің техникалық шеберлігі толысып келе жатқанын байқатты. 56 килограмм салмақ дәрежесінде бақ сынаған А.Дүйсенқұлға чемпионаттың қола жүлдесі бұйырды.
Таяуда ғана жасөспірімдеріміз ел чемпионатынан олжалы оралып, жанкүйерлердің сенімін ақтаған еді. Енді міне, жастарымыз сол жеңісті жорықты жалғастырып жатыр. Бұл Жамбыл боксының мерейі қашанда үстем екенінің бір көрінісі болса керек-ті.
Табиғат АБАИЛДАЕВ.
Ұқсас жаңалықтар
Ауданға еңбегі сіңген абыройлы азамат
- 17 қыркүйек, 2024
Әулиеаталықтар айтулы аламанда атой салды
- 16 қыркүйек, 2024
Ақпарат
IQanat – жарқын болашаққа бастайтын жоба
- 28 қазан, 2024
Референдумнан қордайлықтар да қалыс қалмауда
- 6 қазан, 2024
АЭС салсақ - электр энергиясын экспорттаймыз
- 22 қыркүйек, 2024
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді