- Advertisement -

Акустикалық метаматериал шу өткізбейді

63

- Advertisement -

Шуды өткізбейтін акустикалық метаматериал жасалды. Бұл жаңалық ең алдымен көлік жүргізушілеріне пайдалы болайын деп тұр. Жолаушылар үшін де тиімді. Сыртқы ортаның және автокөлік моторының шуынан ғана қорғап қоймай, көлік жүргізушіні жол үстіндегі алаңдататын дыбыстық факторлардың да әсерін кемітеді. Осылайша апаттық жағдайдың алдын алады.
Әлемге әйгілі «Nissan» компаниясының Лас-Вегас қаласында жыл сайын өтетін «CES 2020» көрмесінде жұрттың назарына ұсынған бұл инновациялық жаңалығы – акустикалық метаматериал шуды өткізбеу үшін күнделікті қолданып жүрген әдеттегі резеңкеге қарағанда жеңіл келеді. Пластикалық пленкасы мен комбинациялық құрылымы шуды 500-ден 1200 Гц диапозонында шектей алады. Яғни, жолдағы шу мен қозғалтқыштан шыққан шуды құмықтыра алады. Шуды қатты шығаратынына қарамастан аталған акустикалық метаматериалдың шуды өткізбейтін ерекшелігіне байланысты қозғалтқыштың қуатын арттыруға әрі автокөліктің өзге де техникалық параметрлерін жақсартуға болады. «Nissan» компаниясының өкілдері аталмыш технологияны 2008 жылдан бері қолға алып келеді. Алайда, аталған материалдың қашан жаппай шығарылып, ең алдымен қандай автокөлікке пайдаланатыны айтылмады.

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support